Оқиға • 23 Қараша, 2023

Жүргізушінің талмасы ұстап қалған. Оқушы автобус апатының алдын алды

3794 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға Алматы облысы Іле ауданында болған. № 219 автобус бағдары жүргізушісінің өзін нашар сезініп отырғанын байқаған 8 сынып оқушысы қоғамдық көлікті дер кезінде тоқтатып, жолаушыларды апаттан арашалап қалды, деп жазады Egemen.kz.

Жүргізушінің талмасы ұстап қалған. Оқушы автобус апатының алдын алды

Фото: instagram.com

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше жүргізушінің талмасы ұстап, автобусты басқара алмай қалған. Сол кезде оқушы тез арада тежегішті басып, автобусты дереу тоқтатқан.

Оқиға куәгерлері оқушы лезде әрекет етпегенде, автобус жақын маңдағы ғимаратқа соғылып, жолаушылардың денсаулығына зақым келуі мүмкін екенін айтты.

щщ

Бүтін бір автобустағы жолаушыларды құтқарып, батыл әрекет жасаған баланың есімі - Ақжол. Ол аталған аймақтағы 24 лицейдің 8 «Е» сынып оқушысы.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024