Кәсіпқой бокс • 24 Қараша, 2023

Қарсыласы анықталады

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Wasserman Boxing» промоутерлік компаниясы германиялық Денис Радован мен Жаңа Зеландияның өкілі Андрей Михайловичтің күш сынасатынын жария етті.

Қарсыласы анықталады

Жат елдің боксшыларына біз бекер тоқталып отырған жоқпыз. Себебі 16 желтоқсанда Англияның Сандерленд қаласында өтетін бәсекеде жеңіске жеткен боксшы келесі жылы орта салмақ­тағы IBF нұсқасының алтын белбеуі үшін таласады. Ал қазіргі кезде бұл тұжырымның чемпиондық атағын қазақ жігіті Жәнібек Әлімханұлының иеленіп отырғаны мәлім.

Германияның Кельн қаласының тумасы Денис Радован – 31 жаста. 17 мәрте шаршы алаңға шыққан неміс спортшысы 16 рет жеңіске жетті. Тағы бір бәсекеде тең есеп тіркелді. Ал 25 жастағы Андрей Михайлович Санкт-Петербургте дүниеге келгенімен қазір Жаңа Зеландияның Окленд қаласында тұрып жатыр. Ол 20 кездесудің бірде-біреуінде ұтылған жоқ. 12 бәсекеде айқын басымдық танытты. Қазіргі кезде бұл боксшылар IBF рейтингінде екінші және үшінші орындарды өзара бөлісуде.