Қоғам • 24 Қараша, 2023

Медреседегі қыздарды жыныстық қатынасқа итермелегені рас па? ҚМДБ жауап берді

2122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әлеуметтік желіде тарап жатқан медреседегі жасөспірім қыздарды жыныстық қатынасқа итермелеуде деген мазмұндағы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.

Медреседегі қыздарды жыныстық қатынасқа итермелегені рас па? ҚМДБ жауап берді

фото: ашық дереккөзден

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы желіде желдей жылдамдықпен тарап, жұртшылықтың қызу талқысына түскен бұл ақпаратты жоққа шығарды. Басқарма әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандықтарды жалған ақпараттың жетегіне ермеуге шақырды. 

«Әлеуметтік желіде «Қазақстандағы медреселерде 12 жастағы қыздарды жыныстық қарым-қатынасқа итермелеуде» деген мазмұнда пікір таралуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) бұл жалған ақпарат екенін мәлімдейді. ҚМДБ-ға қарасты медресе-колледждер тек 15 жасқа толған қыздарды ғана оқуға қабылдайтынын мәлімдейміз. Мұндай жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамыз және халықты білместікпен теріс ақпарат таратпауға үндейміз», делінген ҚМДБ-ның әлеуметтік желіде таратқан хабарламасында.