Саясат • 26 Қараша, 2023

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ есебі – сайлау үдерісінің көрсеткіші

162 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының басшысы Оуэн Мерфимен кездесті. Кездесуге Орталық сайлау комиссиясының хатшысы, комиссия жанындағы Сарапшылық кеңестің мүшелері және аппарат басшысы мен бөлім меңгерушілері қатысты.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ есебі – сайлау үдерісінің көрсеткіші

Кездесу аясында Ортсайлау­комның басшысы Оуэн Мер­фиге Парламент Мәжілісі депутат­тарының кезектен тыс сай­лауын байқау бойынша қорытын­ды есеп­ті дайындау жөніндегі ауқым­ды жұ­мы­сы үшін алғыс білдірді.

«Өткен парламенттік науқан шеңбе­рін­дегі ынтымақтастықтың тамаша дең­­гейі үшін бүкіл Ор­талық сайлау ко­миссия­сына алғысымды білдіремін, мен де, менің командамның мүшелері де ОСК-дағы әріптестеріміздің тіке­лей қатысуынсыз әрі жәрде­мін­сіз алдымызға қойылған мін­дет­терді орындай алмас едік», деп атап өтті Оуэн Мерфи.

Сонымен қатар ол кездесуді ұйымдас­тыр­ғаны үшін алғысын білдіріп, оған қатысушыларға республикалық референдумды, кезектен тыс президенттік және кезектен тыс парламенттік сай­лауды байқау бойынша қоры­тынды есептерді таныстыру және Орталық сайлау комиссиясы­мен және ҚР басқа да мүдделі мем­ле­кеттік органдарымен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссияларының ұсы­ным­дарын талқылау үшін Қазақстанға сарапшылар тобымен келгенін хабарлады.

ОСК төрағасы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Мис­сия­ларының қорытынды есептерінің ұсынымдары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, барлық үш есеп ҚР ОСК жанындағы Сарапшылық кеңес­тің екі арнайы отырысы б­а­­рысында талқыланғанын атап өтті. Олар осы құ­жаттар жария­лан­­ған­нан кейін бірден өтті және олар­дың жұмысына ЕҚЫҰ-ның Аста­надағы бағдарламалар кеңсесі­нің басшысы доктор Фолькер Фро­барт қатысты. Талқылау қоры­тын­ды­лары БАҚ-та және ҚР ОСК сайтында ор­на­лас­тырылған.

«Осылайша, біз ЕҚЫҰ есеп­тері се­кілді маңызды халық­аралық құжат­тар­ды кәсіби пі­кір­талас алаңына шығару дәс­түрін қалыптастырдық», деп атап өтті Ортсайлаукомның басшысы.

Сарапшылық кеңестің құра­мы­на консти­туциялық және бас­қа да құ­қық са­ла­сының белгілі ғалым­дары, әлеу­мет­тану, саясат­тану және сайлау сала­сы­ның практикасының сарапшылары кіреді. Бұл – сайлау үдерісін нақты білетін, қы­зығушылық таны­татын, өзіндік көз­қарасы мен ұсы­ныстары бар және өз уақы­тын оларды талқылауға арнауға да­йын мамандар.

Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комис­сиясы қолданыстағы заңнама шеңберінде қатаң жұмыс істейтін орган екендігіне назар аударды. Сонымен бірге сайлау жүйесінің күрделілігін ескере отырып, тәуелсіз сарапшылық пікірлерді есту маңызды, ал жеке ұсыныстар анық полемикалық сипатта екенін алға тартты.

Атап айтқанда, 2022 жылғы 11 қара­ша­да Сарапшылық кеңес­тің отырысында 2022 жылғы рес­пуб­ликалық референдумды баға­­лау бойынша ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Мис­сиясының қорытынды есебі тал­қыланды. Отырыста 15 сарапшы түрлі ұсыныс пен түсініктеме берді.

Биыл 28 қыркүйекте өткен Сарап­та­ма­лық кеңестің отырысында кезектен тыс президенттік және кезектен тыс парламенттік сай­лауды байқау бойынша ДИАҚБ миссияларының қоры­тынды есептерінің ұсыным­дары талқыланды. Отырысқа Пар­ламент депутаттары, Бас прокуратура, әділет және ақпарат министр­ліктерінің өкілдері, үкі­мет­тік емес ұйымдардың өкіл­дері және жастар көшбасшы­лары қатысты.

Ұсыныстардың едәуір бөлігі заңна­маны өзгертуді талап етеді. Сонымен қатар ОСК заң шығару бастамашылығы субъектісі емес. Сон­дықтан заң шығару­шы­ға ұсы­­ныс­тар енгізу үшін ұсыныс­тар мұ­қият пысықтауды, жан-жақты талдауды, ғылымға жүгінуді және салаара­лық ықпалдастықты қажет етеді.

Орталық сайлау комиссия­сының басшысы, жалпы алғанда, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының алдыңғы ұсынымдарын іске асыру бойынша жұмыс жалға­сып жатқанын, олардың бір бөлігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен және жалпыхалықтық референдум барысында қолдау тапқан ауқым­ды конституциялық реформа шең­берінде жаңартылған заңнамада ескерілгенін хабарлады.

ОСК төрағасының пікірін­ше, «әлеу­меттік-саяси контекс­ті бағалау кезін­де әрқашан конституциялық дәстүр мен біре­гей­лікті, менталитетті және елдің қоғамдық дамуының өтпелі кезе­ңін ескеру қажет». Сонымен қатар кейбір ұсынымдар біздің тарихи және саяси шындықты ескере отырып, сұрақтар туғызады не­месе отандастарымыздың мен­­та­литетіне қайшы келеді, атап айт­қан­да, жастардың басым бөлі­гі оларды қабылдамайды. Бұл бас бостандығынан айыру орын­дарында отырған адам­дарға сайлау құқығын беру, Қазақстан Пре­зиденттігіне кандидат­тар үшін мемле­кет­тік тілді білуге арнал­ған лингвис­тикалық емти­хан­ның күшін жою және басқа да бірқатар ұсынымға қатысты.

Н.Әбдіров ОСК әртүрлі ха­лық­аралық тәжірибені, оның ішін­де кандидат тұлғасының моральдық және этикалық аспек­тілеріне (моральдық ценз) талаптар қою бөлігінде терең зерттейтінін айтты. Бұл опция бірқатар елдің заңнамасы мен тәжірибесінде бар. Мәселен, Сингапурда кандидаттар үшін «адалдық, парасаттылық және жақсы бедел» сияқты моральдық талаптар бел­гіленді, Грецияда сайлау органдары кандидаттың «жеткілікті моральдық қа­сиеттері бар ма, жоқ па» екенін анық­тайды, Канадада «адалдықтың жоғары стан­дарттары» міндетті, АҚШ-тың бір­қатар штатында «жақсы мінез» немесе «жақсы бедел» талаптары бел­гі­ленген.

Сонымен қатар кездесу барысында Сарапшылық кеңес мүше­лері ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссия­ларының басқа да ұсыны­мын талқылады.

Заң ғылымдарының докторы, профессор Индира Әубәкірова ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиялары есеп­терінің қоры­тындылары бойын­ша ұсыным­дарды іске асыру ке­зінде елдің өзіндік ерекшелігін, құн­ды­лықтары мен дәстүрлерін негізге алып, демократияландыру үшін барлық факторды ескеру қажет деген тезис ұсынды. Ол сайлау учаскелері мен аудандар бойынша бөлінген сайлау нәтижелерін ОСК сайтында жария­лау қажеттілігі туралы ұсы­нымды қоз­ғады. «Алайда ЕҚЫҰ-ның Адами өлшем жөніндегі кон­ференциясының Копен­га­ген кеңесінің құжаты, сайлау мә­се­лелері бойынша тиісті тәр­тіп­те практика кодексі, сайлау өткізу жөніндегі ұсынымдар жи­нағы, ДИАҚБ сайлауын байқау жөніндегі басшылық және өзге де халықаралық стандарттар ор­та­лық сайлау органдарының сай­лау нәтижелерін сайлау учас­келері мен аудандары бо­йынша бөліп жариялауы бойынша тікелей белгіленген талаптарды қамтымайды», деп атап өтті Индира Оралқызы.

Заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Қоғамов: «Еліміздің сайлау рәсімдерінде шағым­дану қағидаттары өте жан-жақты сипатталған: мерзімдері оңтайлы, тәжірибеге сәйкес келеді және сайлау үдерісіне қатысушылар үшін теріс салдарлар туғызбайды», деп мәлімдеді. Сай­лау дауларын шешу үдері­сінде прокуратураның өкілеттік­терін шектеу қажеттілігі туралы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссияларының ұсынымына қатысты осы тақы­рыпты дамыта отырып, ол «про­куратураның Конституция тұр­ғы­сынан өте күшті әлеуеті бар және ол сайлау үдерісіне қатысу­шылардың бұ­зылған құқықтарын жедел және кіді­ріс­сіз қалпына кел­тіре алады, ал про­ку­ратура осы үдерісте, өйткені оған елдегі құқықтың сақталуын жоғары қадағалау жүктелген».

Заң ғылымдарының докторы, профессор Исидор Борчаш­вили: «Бір жыл бұрын құрылған ОСК-дағы Сарапшылық кеңес ОСК мен қоғам арасындағы көпірдің бір түрі болды», деді. Демократияны дамыту үшін ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиялары жұмысының пайдалылығын атап өткен сарапшы олардың қазақ тілі мен соттылығы белгілері бойынша Қазақстан Президенттігіне кандидаттарды ұсынуға шектеулерді қайта қарау қажеттілігі туралы ұсынымына түсініктеме бер­ді. «Президент мемлекеттік тілді білуге тиіс, өйткені ол елдің да­му бағытын бел­гілейді, оның іш­кі және сыртқы сая­сатын ай­қын­дайды, адам мен азамат­тың құқықтары мен бостандық­тары­ның кепілі», деп атап көрсетті ол.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының басшысы Оуэн Мерфи «ОСК-ға ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның әрбір есебін жан-жақты талқылап, егжей-тегжей талдағаны үшін» алғысын біл­дірді. «Мен сайлау ди­на­­ми­калық үдеріс екенін атап өткім келеді және сіздер айтқан барлық ас­пектіні ескеруіміз керек. Жалпы, Қазақ­станда жүзе­ге асырылған реформалар елеулі. ОСК мен жалпы жұрт­шылық арасында сайлау мә­се­лелері бо­йынша көпір қыз­метін ат­қаратын сарап­шылық кеңе­с­ті ұйымдастыру және оның қыз­меті жөніндегі Орталық сайлау комис­сиясының бастамасын құптай­мын. Бұрын басталған реформаларды іске асыруда табыс тілеп, болашақта да осындай мықты және жемісті ынтымақтастыққа үміт білдіремін», деп атап өтті Оуэн Мерфи.

Өз кезегінде Нұрлан Әбдіров тұрақты диалогке және ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-мен бел­сенді, жемісті өзара іс-қимылға дайын­дығын білдірді. Ол сондай-ақ Мис­сия басшысына қазіргі уақытта ҚР ОСК электрондық, қашықтан, мерзімінен бұрын сияқты дауыс берудің баламалы нысандары мен әдістерін, басқа елдерде электрондық дауыс беруді енгізу тәжірибесін, осындай тәжірибенің артықшылықтары мен кемшіліктерін, мәселенің қар­жылық жағын зерттеп жат­қанын хабарлады. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ өкілдеріне атқарған жұ­мысы үшін риза­­шылығын білді­ріп, сондай-ақ Қазақстан та­рапы өткен сайлау нау­қандарына қа­тысты миссиялардың қоры­тын­ды есеп­терінің барлық ұсыны­мы бойынша жұ­мыстарды жалғас­тыратынын және ашық­тық пен сын­дарлы ынтымақтастық қағи­дат­тарында диалогті жалғас­тыруға ниетті екенін атап өтті.

Іс-шара соңында қазақстандық ға­лымдар – ОСК жанындағы Сарап­шы­­лық кеңестің мүшелері кездесуден ес­телік ретінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Мис­сия­сының басшысы Оуэн Мерфиге жария­­лаған ғылыми еңбектерін табыстады.