Қоғам • 27 Қараша, 2023

Баласын несиені жабу үшін сатпақ болған

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел аумағында жүргізілген «STOP-трафик»  республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде адам саудалау фактілері де анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 

Баласын несиені жабу үшін сатпақ болған

Фото: polisia.kz

Арнайы операция жүргізу кезінде 39 қылмыс анықталған.  Ағза саудасының 1  фактісі,  еңбекке тарту мақсатымен заңсыз бас бостандығынан айырудың 3 дерегі тіркелген. Одан бөлек Алматы облысында 24 жастағы тұрғын жүктіліктің жетінші айында құрсағындағы баланы сатудың  амалын ойлаған. Әлеуметтік  желіде хабарландыру жариялап, сатып алушыны да тапқан. Бала сатып алушылар келіншектің несие қарызын өтеп бермекке келіскен. Күдіктінің үстінен «Кәмелетке толмағандар саудасы»  бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу  басталды.

Шымкент қаласында да 23 жастағы тұрғын баласын делдал арқылы сатпақ болғанда ұсталды. Бала сәбилер үйіне өткізіліп, күдікті қамауға алынды. Бұл туралы бұған дейін хабарлаған едік.