Ауа райы • 27 Қараша, 2023

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес елімізде қар мен жаңбыр жауып, күн суытады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, жақын күндері Қазақстан аумағына Қара теңіз аймақтарынан келетін циклонға байланысты шығыс өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады.

«28 қараша күні батыста, 29 қараша күні солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда, 30 қарашада республиканың басым бөлігінде тұман, көктайғақ күтіледі. 28 және 30 қарашада солтүстік облыстарда желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейіп, қар жауады», деді синоптиктер.

Қара теңіз аймақтарынан келетін циклонның әсерін әсіресе республиканың оңтүстік облыстарының тұрғындары сезінеді. Бұл өңірлерде қар аралас жауын жауып, күндіз ауа температурасы 15-24 градустан 0-12 градусқа дейін төмендейді.