Қазақстан • 29 Қараша, 2023

Мереке күндері қосымша пойыздар қатынайды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік күні мерекесі мен Жаңа жыл мейрамы қарсаңында жолаушылар тарапынан пойыздарға сұраныс еселеп артатыны белгілі. Осы себепті «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірнеше бағытта қосымша пойыздарды шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мереке күндері қосымша пойыздар қатынайды

Қосымша пойыздар мына бағыттар бойынша қатынайды:

- №201/202 «Нұр-Сұлтан 1-Шымкент» бағытында - 2023 жылдың 15, 29 желтоқсаны және 2024 жылдың 1 қаңтарында елордадан 3 пойыз қатынайды. Ал Шымкенттен биыл 16, 30 желтоқсан мен 2024 жылдың 2 қаңтарында пойыз жүреді.

- №203/204 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Алматы 2» бағытында - осы жылдың 15, 28, 29 желтоқсанында және 2024 жылдың 1, 2 қаңтарында Нұрлы жол вокзал кешенінен 5 пойыз жүреді.  Ал Алматы 2 вокзалынан 16, 29, 30 желтоқсан және келер 2024 жылдың 2, 3 қаңтарында пойыздар қатынайды.

Құрам стандартты купе мен плацкарт вагондарынан тұрады.

Сондай-ақ №7510/7509 Электр пойызының Астанадан Павлодар бағытында қосымша рейстері қосылады. Пойыз елордадан осы жылдың 15, 29, 30 желтоқсанында, ал кері бағытта - биылғы жылдың 18 желтоқсанында және 2024 жылдың 2 қаңтарында жүреді.

Бұдан басқа сұранысы көп бағыттар бойынша техникалық мүмкіндік болған кезде жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады.