Аймақтар • 29 Қараша, 2023

Павлодар облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері прокуратураның үйлестіруімен бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Қылмыстық топ құрамына 25 пен 35 жас аралығындағы адамдар кірген. Қазіргі уақытта күдіктілердің бопсалаудың бес дерегіне қатысы бар екені анықталды.

Сонымен қатар топ мүшелерінің Павлодар облысының аумағында қаруды қолданумен бұзақылық жасауға және пәтер ұрлығына қатысы бар-жоғы да тексеріліп жатыр. Тінту шараларының нәтижесінде қатысушылардан бес атыс және травматикалық қару, қолдан жасалған кастеттер, шоқпар мен пышақтар, сондай-ақ РГД-5 гранатасы тәркіленді. Тәркіленген қару бойынша сараптама тағайындалған.

«Қылмыстық топтың жеті мүшесі ұсталды, оның ішінде ең белсенді үш қатысушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр. Тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабтары бойынша жүргізіліп жатыр», деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.