Фото: ашық дереккөз
Синоптиктердің мәліметінше алдағы күндері ауа райына циклондар мен антициклондардың барикалық түзілімдерінің тез өзгеруі әсер етеді. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мен қар аралас жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс облыстарда қатты жауын-шашын болады деген болжам бар. 1-2 желтоқсан күндері елдің оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.
«Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, боран, жел күтіледі. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.