Қазақстан • 29 Қараша, 2023

Сенаторлар электр энергетикасы саласын дамыту мәселелерін талқылады

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы үлгісінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаторлар электр энергетикасы саласын дамыту мәселелерін талқылады

Фото: Сенат

Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС болып белгіленгенін айта кеткен жөн. Ол «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ электронды алаңында күн сайын орталықтандырылған сауда-саттық жүргізу арқылы жоспарлы түрде отандық электр станцияларынан бір тәулік бұрын электр энергиясын сатып алады.

«Бүгінгі шараның негізгі мақсаты − әкімшілік реформа мәселелері бойынша қабылданған заң аясында 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданыстағы электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу мен сатудың жаңа үлгісінің жұмыс істеуінің өзекті мәселелерін талқылау», деп атап өтті Сүйіндік Алдашев.

Қатысушылар отырыс барысында нарықтың жаңа үлгісі аясында еліміздің электр энергетика жүйесінің жұмысы жөніндегі мәселелерді қарады, сондай-ақ Бірыңғай сатып алушының үлгісін одан әрі жетілдіруге қажетті міндеттерді талқылады.

Жиында энергетика министрлігінің, «KEGOC» АҚ және «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС өкілдері сөз сөйледі.

Сенат депутаттары сонымен қатар электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын онлайн-режимде өткізу барысымен, сондай-ақ Жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығының қызметімен танысты.