Оқиға • 29 Қараша, 2023

Ақтөбелік оқушы екі күннен бері хабар-ошарсыз жоғалды

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының Полиция департаменті кәмелетке толмаған орта мектептің 8-сынып оқушысын іздестіріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Ақтөбелік оқушы екі күннен бері хабар-ошарсыз жоғалды

Фото: instagram.com/polisia_aqtobe

Ол 27 қарашада сағат 15.00 мұғдарында үйден шығып, оралмаған.

Екі күн бұрын үйінен шығып, оралмаған оқушы Иов Антон Алексеевичтің белгілері: 15 жаста, арық денелі, бойы – 160-165 сантиметр, аққұба, көзі көк.

Жоғалып кеткен жасөспірім қара қалпақ пен қоңыр күрте және қаракөк шалбар киген, қолында қара сөмкесі болған.