Денсаулық • 29 Қараша, 2023

Жұқпалы аурудың түрі жаман

240 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мамандар Батыс Қазақстан облысында эпиде­миялық ахуалдың ушығып бара жат­қанын айтып дабыл қағып жатыр. Өңірде жыл басынан бері 261 адам қызылша дертімен ауруханаға жатқызылған. Оның 179-ы – бала, төртеуі – жүкті әйел.

Жұқпалы аурудың түрі жаман

Өткен аптадан бері өңірде стационарда 64 науқас емделіп жатыр. Ал қызылшадан емделген амбулаторлық науқастардың жалпы саны 72-ге жеткен.

– Ауырғандардың 65 пайызы – балалар. Соның ішінде алтауы – 1 жасқа толмаған сәби. 10 айлық бір баланың жағдайы ауыр, жан сақтау бөлімінде жатыр, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Ғұбайдуллина.

Мамандардың айтуынша, науқастардың көпшілігі – қызылшаға қарсы екпе алмағандар. Облыста қазір 282 қызылша ошағы анықталып, науқаспен байланыста болған 1 942 адам бақылауға алынған. Жағдайды сауықтыру үшін 6 айлықтан асқан балаларды қосымша жаппай иммундау, яғни екпе жасау басталды. Соңғы 29 күн ішінде өңірде 2 005 бала екпе қабылдаған.

– Қазір қосымша екпе алу жүріп жатыр. Өңірде жалпы саны 50 мың адам егілуі керек, – дейді облыстық санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті басшысы Мұхамғали Арыспаев.

Мамандар түрлі себеппен екпе алудан бас тартқандар осы ауруды әрі өздері жұқтырып, әрі таратып отырғанын айтып, дабыл қағып жатыр. Өңірде осындай бас тартушылардың саны 4 676 адам болған. Соңғы үгіт-насихат жұмысының нәтижесінде 813 адам екпе алған. Алайда әлі де 3 862 адам екпеден бас тартып отыр екен. Олардың ішінде 34 пайызы екпеге діни себеппен қарсы болса, 16 пайызы вакцинаға сенімсіздік білдірген.

 

Батыс Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025