Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала басшысы зардап шеккендер мен эвакуацияланғандарға қолдау көрсету үшін әкімдік барлық шараларды қабылдағанын атап өтті. Қазіргі таңда аудан әкімдігі барлық эвакуацияланған азаматтарды жедел түрде уақытша баспанамен және азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Денсаулық сақтау басқармасы қажетті медициналық және психологиялық көмекті толық көлемде көрсетеді.
Ерболат Досаев қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Бұған дейін Алматыдағы жатақханада 30 қараша күні таңертең болған өрттен 13 адам қаза тапқанын хабарлаған едік. Оқиға орнынан 59 адам эвакуацияланып, оның үшеуі Жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. 56 адам жақын маңдағы мектеп ғимаратына уақытша орналастырылды.
Алматы әкімінің айтуынша, қаза тапқандар Қазақстан, Өзбекстан және Ресей азаматтары.