Президент • 30 Қараша, 2023

Қасым-Жомарт Тоқаев румын халқына баянды бақыт тіледі

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Клаус Йоханнисті Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Румынияның ұлттық мерекесі – Ұлы бірігу күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев румын халқына баянды бақыт тіледі

Фото: Ақорда

– Румыния – саяси тұғыры бекем, экономикасын нығайтуда көптеген жетістікке қол жеткізген халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесі. Осы тұста еліңіз алдағы уақытта да биік мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектестігімді білдіремін. Қазақстан мен Румыния арасында қалыптасқан өзара тиімді ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Оған Сіздің қосып отырған жеке үлесіңізді жоғары бағалаймын. Екіжақты ықпалдастығымыз келешекте де табысқа толы болатынына кәміл сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Румыния Президенті Клаус Йоханнистің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал румын халқына баянды бақыт пен амандық тіледі.