Аймақтар • 30 Қараша, 2023

Ауылдағы «Кітап-Аmanat»

204 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек аудандық Мәдениет үйінде «Кітап-Аmanat» жобасы аясында кітап орталығы ашылды.

Ауылдағы «Кітап-Аmanat»

«Amanat» партиясының елі­міз­де оқу мәдениетін дамытуға және отандық әдебиетті қолдауға бағытталған жаңа әлеуметтік жобасы Батыс Қазақстан облы­сында үлкен шаһардан емес, ше­каралас елді мекеннен бас­тау алды. Алматыдан әкелінген 600-ге жуық жаңа кітап топтамасында балалар әдебиеті де, клас­сикалық шығармалар да, жер­гі­лікті қаламгерлердің туын­ды­лары да бар. Бұл жобаның ең бас­ты ерекшелігі – кітаптар делдал­сыз, баспахана бағасымен сатыл­­мақ. Оның үстіне жаңа орта­лықта әдебиетті насихаттайтын, кітап оқуға дәріптейтін іс-шара­ларды жүйелі түрде өткізу жос­пар­ланған.

вао

Кітап орталығының ашылу сал­танатына «Amanat» пар­тия­­сының хатшысы Шолпан Кари­­нова арнайы қатысып, жоба­ның мақсат-міндетін айтып өтті.

– Бүгінгі іс-шараның басты­ мақ­саты – қо­ға­мымызды руха­­ният­қа жақындату, кі­тап оқу мә­­де­ниетін ары қарай дамы­ту,­ елі­­­мізді кітап оқитын ұлтқа­ айналдыру. Сондықтан бұл біздің партиялық 17 жо­баның ішіндегі үлкен идеоло­гия­лық бағытының бірі бо­лып отыр, – дейді Ш.Таңатқызы.

Бұл күні Қазақстан Жазушы­лар одағы Батыс Қазақстан об­­лыс­­­­тық филиалының төра­ға­сы, жазушы-журналист, «Орал өңі­­рі» газе­тінің бас редак­то­р­ы Бауыр­жан Ғұбайдуллин, ау­­­дан­­­­дық ардагерлер кеңесінің мү­ше­­сі, ардагер­ ұстаз Николай Анци­­п­рович және басқа да қалам­­гер­лер мен зиялы қауым өкіл­дері, ауыл­дың жас ақындары осы орта­лық­тан табылды.

Ақ Жайық өңіріндегі алғашқы кітап орталығының Бәйтеректе ашы­луы тегін емес. Өйткені бұл аудан – шекара шебіндегі аймақ. Ру­ха­ни қазына, қазақ әдебиетінің жа­ңа туындылары еліміз­дің ру­ха­ни күзетінде де қызмет ете­тін болады.

– Бүгіннен бастап бұл орталық жас­тар­дың да рухани қазығына айналады. Алдағы уақытта бұл жерде кітап оқуға дәріптейтін іс-шараларды жүйелі түрде өткізіп отырамыз, – дейді Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің жас мұғалімі Құбаш Райымбек.

Іс-шара кезінде партия мен­ баспа­герлер, полиграфис­те­р және кітап та­ра­тушылар­ қа­уым­­дастығы арасында өзара ын­ты­мақтастық туралы мемо­ран­­думға қол қойылды. Яғни орта­лықтың кітап қоры уақтылы то­лық­тырылады әрі бағасы да үстемесіз арзан болады деген сөз.

 

Батыс Қазақстан облысы