Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2023

Жаңа автобустар жүйткиді

169 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстауда жолаушылар тасымалына арналған 30 заманауи автобус пайдалануға берілді. Ақтау қаласы мен іргелес Мұнайлы ауданы тұрғындарын сапалы және қолайлы қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында жыл соңына дейін тағы 90 автобуспен толығады.

Жаңа автобустар жүйткиді

Ақтау қаласының клима­тына сай жасақталған авто­бустарда барлық жағдай қа­рас­тырылған. Онда желдет­кіш, бейнебақылау және мү­ге­дектігі бар адамдарға ар­нал­ған аппарель (пандус) мен GPS жүйесі қамтылған. Жаңа автобустардың бір ерек­шелігі – метан жағармай қозғалт­қыштарымен жүреді. Бұл зиянды элементтер бө­­летін ескі автобустарды алмас­тыру арқылы эколо­гиялық тұрақтылықтың сақ­талуына септігін тигізбек.

Осыған орай алғашқы метан газ құю стансасы да іске қосылды. Су жаңа автобустарды экологиялық отынмен қамтамасыз ету үшін ашылған станса «Каспий автопарк» ЖШС технопаркінің аума­ғында орналасқан. Онда газ құю бекетімен бірге, автобус маршруттарын бақы­лауға, қоғамдық көлік­тегі бей­небақылау жазбаларын көруге мүмкіндік беретін диспет­черлік бөлме бар.

Автобустарды сатып алу­ға, метан жағармай құю стансасын іске қосуға об­лыстық және қалалық әкім­діктердің қолдауымен «Каспий автопарк» ЖШС және «Каспий ӘКК» ин­вестициялық жобасы шең­берінде жүзеге асырылды. Маңғыстау облысы бо­йынша жолаушылар тасымалын қоғамдық көлік­пен қамтамасыз етуде қауіп­сіздік пен сапалы қызмет көрсету, сондай-ақ өңірдің автобустар паркін жаңарту мақсатында 460 жаңа жұ­мыс орнын құру межеленген. Осы мақсатқа жету үшін жыл соңына дейін «QazTehna» ЖШС отандық өнді­рушісінен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ лизингтік қаржыландыру негізінде метан қозғалтқыштары бар тағы да 120 жаңа автобус сатып алуды жоспарлаған.

«2020-2022 жылдар ара­лы­ғында облысымызда бір­қатар бағыттағы автобус­тар жаңар­ты­лып, су жаңа отандық 46 жаңа автобус ел игілігіне берілді. Бүгінде алғашқы метан газ құю стансасының ашылуы да – үлкен жаңалық. Маңғыстау облысында сұйытылған газды тұтыну еліміз бойынша жо­ғары көрсеткіштерге ие. Ал метан отынын пайдалану сұйытылған газға жүктемені азай­туға мүмкіндік бере­тініне сенімдімін. Біздің мақсатымыз – Маңғыстау облысында жолау­шыларды қоғамдық көлік­­пен тасымалдау бойынша қауіп­­сіз, қолайлы әрі сапалы қыз­меттерді қамтамасыз ету. Сон­дай-ақ автобустарды кү­ту уақытын қысқарту және жолаушылар тасымалы нарығына жаңа сапалы көлік­тер ұсыну», деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

 

Маңғыстау облысы