Қоғам • 30 Қараша, 2023

«Шаңырақ» шаттығы

157 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Шаңырақ» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды. Қазақстан халқы Ассамблеясының этножурналис­тика сала­сын­дағы шығармашылық конкурсына респуб­ли­калық, облыстық және этностық БАҚ өкіл­де­рі қатысты. Жүзден жүйрік шық­қандар арасында әріптесіміз Гүлнар Жолжан да бар.

«Шаңырақ» шаттығы

Байқауды Мәдениет және ақпа­рат министрлігі мен «Қоғам­дық келісім» РММ ұйым­дас­­тырған. Мұн­дағы мақсат – дарынды жур­на­листерді анықтап, олардың қо­ғам­дық келісім мен бірлікті ны­ғай­туға және этножурналистика са­ласын дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін ынталандыру.

Елордада Достық үйінде өткен мара­пат­тау рәсіміне Қазақ­стан халқы Ассамблеясы төраға­­сы­ның орынбасары – Прези­дент Әкімшілігі ҚХА Хатшы­лы­ғының меңгерушісі Марат Әзілханов, Мәдениет және ақпа­рат министр­лігі Этносаралық қаты­нас­тарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, «Қоғам­дық ке­лісім» РММ директоры Элина Масагутова, Парламент депутаттары, журналистер, рес­пуб­ликалық және облыстық БАҚ өкілдері қатысты.

Байқау барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін, жобаларын жариялап, беделін арттыратын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуда мемлекеттік саясатты кеңінен насихаттайтын және мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтуге ба­ғыт­талған үздік авторлар ірік­те­ліпті.

Бас жүлде «Вечерняя Астана» рес­пуб­ликалық қоғамдық-саяси газе­тінің тілшілері – Алина Имам­баева мен Екатерина Тыщенкоға, I орын – «Life09» ақпарат агент­тігі бас редакторының орын­­ба­сары Айсұлтан Жақыпов пен «Қазақ радиолары» ЖШС ре­дак­тор-жүргізушісі Гүлжамал Аметбакиева және «Egemen Qazaqstan» респуб­ли­калық га­зе­­ті­нің аға тілшісі Гүлнар Жолжанға, II орын – «Прикас­пийс­кая коммуна» облыстық қоғамдық-сая­си газетінің тілшісі Анжела Ли мен «Сыр бойы» облыстық газетінің журналисі Ержан Қожасов және «Жанубий Қозоғистон» қоғамдық-саяси га­зеті бас редакторының орынбасары Авазхан Боранбаевқа, III орын – Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Бұқаралық ақпарат құралдары жұмысы бойынша секторының бас сарапшысы Әсел Абзал мен Солтүстік Қазақстан облыстық Журналистер клубының төрағасы Валентина Корнева және «Рavlodarnews» ақпараттық порталының журналисі Ақбота Сейсенбаеваға бұйырды. Жеңім­паз­дар арнайы диплом және ақша­лай сыйлықтармен марапатталды.

Ал ынталандыру сыйлығымен «Наш Костанай» облыстық газе­тінің тілшісі Зульфия Набиева, «Огни Алатау» қоғамдық-саяси газе­тінің тілшісі Айгүл Габсат­та­ро­ва-Эм, «Қазақ» газеті­нің тілшісі Индира Біржансал, «MediaPRO.KZ» редакторы Алёна Гановичева, Tengrinews.kz ақпараттық порта­лы­ның аға тілші-редакторы Әйгерім Фазыл марапатталды.