Конференция барысында «Әлеуметтік желілердегі контент және коммуникация стильдерінің түрлері», «Сайлау комиссияларының әлеуметтік қызметін медиа жоспарлаудың жаңа тәсілдері» тақырыптары кеңінен талқыланып, іс-шараға қатысушылар еліміздегі саяси науқан жөнінде ой-ұсыныстарын ортаға салды.
Семей аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Гүлжан Жақсыбайқызының айтуынша, мемлекетіміздің болашағымен тығыз байланысты жариялылық талабына сай маңызды қадамдарға әрдайым сергек қарау қажет.
– Сәуір айында Астана қаласында сайлау комиссияларының жұмысы бойынша электоралды оқыту түрінде арнайы курс өткен болатын. Қазір осы бағытта үнемі конференциялар өткізіліп, оған тұрақты қатысып отырамыз. Бүгінде, міне, «Тараптар арасындағы өзара түсіністікті тереңдету» тақырыбында конференция өткізіп отырмыз. Жиында әлеуметтік желілерде әртүрлі сұрақ пен келеңсіз комментарийге қалай жауап беру керектігі жөнінде ОСК тарапынан кеңестер берілді. Мұндай басқосулар халықтың демократиялық үдерістерге бейжай қарамайтындығын айғақтайды, қайта белсене араласуға әзір екендігін танытқанына күмән жоқ, – дейді Г.Қуанышева.
Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен өткен екі күндік конференция барысында 2023 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланады.