Қоғам • 01 Желтоқсан, 2023

2023 адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болды - БҰҰ Бас хатшысы

944 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында СОР 28  жаһандық климаттың өзгеруіне қатысты конференция өтіп жатыр. Әлемнің 197 елінен 70 мыңнан астам қатысушы жиналған конференцияда планетадағы температураның өсуін 1,5°C-қа дейін шектеуге және 2050 жылға қарай шығарындылардың нөлдік деңгейіне қол жеткізу жайы талқыланып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

2023 адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болды - БҰҰ Бас хатшысы

СОР 28 конференциясы 30 қараша - 12 желтоқсан аралығында өтеді. 

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым 2023 жыл рекордтық ең ыстық жыл болғанын хабарлап, бұл әлемге үлкен қауіп төндіретінін ескертті.

СОР 28 конференциясының ашылуында БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының атқарушы хатшысы Саймон Стилл «әлем біз кездесетін күрделі климаттық әсерлерге ең жақсы жауап беру шараларын әзірлеу үшін тым баяу әрекет етіп жатыр», деп мәлімдеді.

Сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш СОР 28 ашылуында «әлем нақты уақыттағы климаттық күйреуді бастан өткеруде және оның салдары жойқын екенін айтып, әлем елдерінің көшбасшыларын мәселеге ден қоюға шақырды.

«Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Париждегі климаттың өзгеруі жөніндегі 21-ші конференцияда 2100 жылға қарай жаһандық температураның индустрияға дейінгі деңгейден 1,5°C-қа дейін көтерілуін шектеу үшін жаһандық ұжымдық әрекеттерді жұмылдырған Париж келісіміне қол қойылды. Сондай-ақ құжат климаттың өзгеруінің бұрыннан бар салдарына бейімделу бойынша шаралар қабылдауды көздейді. 2023 адамзат үшін ең ыстық жыл болды.  Бұрын соңды болмаған рекордтар жаңартылды. Климаттың жаһандық жылынуына қарсы жұмыла жұмыс істеу керек», деді БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш.

аа