Қоғам • 01 Желтоқсан, 2023

Елімізде 96 жаңа мектеп ашылды

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін еліміздің әр түкпірінде 96 жаңа мектеп ашылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады,  деп жазады Egemen.kz.

Елімізде 96 жаңа мектеп ашылды

фото: Оқу-ағарту министрлігі

Жыл аяғына дейін тағы 132 мың орынға арналған 154 мектеп пайдалануға берілмек. Оның 62-сі Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен салынып жатыр. Бұл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектептің мәселесін, 113 елді мекендегі оқушы орындарының тапшылығын шешеді.

«Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асуда. Биыл 217 мектептің құрылысы басталды, олар 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Ұлттық жоба ең алдымен қалалар мен келешегі бар елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептерді салуға, оқушылар мен педагогтерге жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған», делінген хабарламада.

Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде 740 мың оқушыға арналған 369 «Жайлы мектеп» салу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше