Ашық дереккөз
Бұл көпбалалы отбасылар, жетімдер, ерекше қажеттіліктері бар адамдар және толық емес отбасылар үшін көптен күткен қуанышты күн. Облыс әкімі Ғауез Нұрмағамбетов жаңа пәтерлердің иелеріне кілттер табыс етіп, қоныс тойымен құттықтады. Сонымен бірге ол көпбалалы ана Гүлназ Кенжетаева мен Александра Иоржтың шаңырағында болды.
Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Президент тұрғындарға баспана қолжетімді болуы керек деп атап өтті. Жыл соңына дейін облыс орталығында 22 көпқабатты үй тапсырылып, 2 мыңнан аса отбасы жаңа қонысқа ие болады.