Алғашқы кездесуде Испаниядан 14:34 есебімен ойсырай ұтылған жерлестеріміз келесі матчта Бразилиямен күш сынасты. Оңтүстік Америка өкілдерінің спорттың бұл түрінде бағындырған белестері бір төбе. Олар осыдан 10 жыл бұрын Сербияда барлық қарсыласын жолынан ығыстырып, әлем чемпионы атанды. 1987-2019 жылдар аралығында алауы тұтанған тоғыз Панамерика ойындарының жетеуінде дәл осы мемлекеттің гандболшылары бас жүлдені олжалады. Оңтүстік Америкадан келген бұрымдылар «Солтүстік Аренада» өткен кездесуде жерлестерімізге мүлдем бас көтертпеді. Олар 46 допты қақпамызға тоғытса, біз 16 рет қана мергендік таныттық. Есеп – 16:46.
Кеше кешкісін жерлестеріміз Украинаға қарсы ойнады.