Үкімет басшысы аталған ірі жобалардың уақтылы аяқталуын және сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
«Келесі маусымдағы жұмыстар үшін жол-құрылыс материалдарын, оның ішінде қиыршық тас пен битумды алдын ала дайындау қажет. Қосалқы мердігерлік ұйымдар да осындай жұмыс жүргізуге тиіс», деді Ә.Смайылов.
Сонымен қатар Премьер-министр жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдарды қыста күтіп ұстау жұмыстарын бақылауға алу қажеттігіне де тоқталды.
Кездесу барысында «CITIC Construction» компаниясының Қазақстан аумағындағы басқа да автожол жобаларына қатысу мүмкіндіктері, сондай-ақ компанияның өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы инвестициялық жобаларды іске қосу бастамалары талқыланды.
Орталық мемлекеттік органдар тарапынан тиісті жобаларды пысықтауда қажетті қолдау көрсетілетіні аталып өтті.