Саясат • 04 Желтоқсан, 2023

Қазақстан-АҚШ: бірлескен мәлімдеме

261 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстан мен АҚШ-тың ресми өкілдері Метан бойынша жаһандық міндеттемені орындау үшін метан шығарындыларын азайту жөніндегі шараларды жеделдету туралы бірлескен мәлімдеме жасады.

Қазақстан-АҚШ: бірлескен мәлімдеме

Қазақстан Республикасы Пре­зиденті­нің халықаралық эколо­гиялық ынтымақ­тастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменова мен АҚШ Президентінің Климат жөніндегі арнаулы өкілі Джон Керри екі ел арасындағы табысты әріп­тестіктің 30 жыл­дан астам тәжірибесіне сүйеніп, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ ара­сындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің 5 жылдығын атап өтіп, метан­мен күрес саласындағы ынтымақ­тас­тықтың мүмкіндіктерін кеңейте отырып, төмендегідей мәлімдеме жасады.

Біздің елдеріміздің жасыл, қауіпсіз және жақсы әлем құрудағы негізгі рөлін мойындай отырып, Жылынуды Цельсия шкаласы бойынша 1,5 градус­қа дейін шектеу үшін 2030 жылға дейін метан шығарындыларын тез азайту­дың маңыздылығын атап өту; Метан шығарындыларын азайту үшін қазба энергетикасы секторының маң­ызды әлеуетін және осы сектордағы шы­ғарын­дыларды тез азайту қажеттілігін мойындай отырып; Жаһандық метан шығарындыларын азайту бойын­ша ұжымдық күш-жігерді ілгеріле­ту­дегі ерікті әрекеттердің маңыз­ды­лы­ғын түсіну; Жаһандық әрекеттер­ді жұмыл­дыру және тиімді екіжақты іс-қимылдар арқылы метан шығарындыларын азайту жөніндегі қолданыстағы халық­аралық бастамаларға қолдауды күшейту мақ­сатында; Міндеттемені іске асыруды қол­­дауға көмек көрсету жөніндегі жеке сек­­тордың, даму банктерінің, қаржы инс­­ти­туттарының және халықаралық агент­­­тік­тердің шешуші қатысуын мо­йын­­дай отырып, Қазақстан Метан бо­­йын­­ша жаһандық міндеттемеге қосылуда.

Қазақстан мен Америка Құрама Штат­­тары метан шығарындыларын, әсіре­се қазба энергия көздері секторында жылдам азайту жөніндегі сая­сат пен жобаларды әзірлеу мен іске асы­ру­ды жеделдетуге өздерінің өзара да­й­ын­дығын мәлімдейді.

Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары алдағы екі жылда метан шығарындыларын азайту саласын­дағы Қазақстанның басымдықтарын қолдау үшін мынадай күш-жігер жұмсамақшы:

  • Көмір шахталарында метан шыға­рын­дыларын азайту бойынша озық тәжірибені енгізу туралы ынтымақ­тас­тық, соның ішінде көмір қабаттарын газ­сыздандыру, желдету ауасының метанын жою, болмаса атмосфераға шығарылатын шахта метанын ұстау және кәдеге жарату.
  • Мұнай-газ секторында метанның ағып кетуін тұрақты және кешенді анық­тау мен жоюды енгізу және әдет­тегі желдетуді жою бойынша ынты­мақ­тастық, оның ішінде метан шыға­рын­дыларын бақылау және азайту үшін спутниктік және басқа технология­ларды пайдалануды қолдау, суперэмит­терлер­дің алдын алуға және жылдам әрекет етуге, соның ішінде халықаралық метан шығарындылары обсерваториясының ескерту және метанға жауап беру жүйесіне белсенді қатысу арқылы ерекше назар аударады.
  • «ҚазМұнайГаз» бен оның еншілес және тәуелді ұйымдарында ағып кетулер­ді тұрақты анықтау мен жоюды енгізуді қолдау.
  • Газды тасымалдау, тарату және сақтау жүйесіндегі ағып кетулер мен төгінділерді анықтау, жою және алдын алу бойынша озық тәжірибелермен алмасуды қолдау және жобаларды әзірлеуді ынталандыру.
  • Ел аумағында метан деңгейін өл­шеу және төмендету бойынша озық тә­жіри­бені енгізу мақ­сатын­да Қазақстан­ның мұнай-газ объек­тілерінде метан­ның ағып кетуін және желдетілуін бақы­лау жө­нін­дегі қанатқақты жобаларды ілгерілету.
  • Метанның апаттық емес желде­тілуін жою үшін ұлттық стандарттарды әзір­леу және мұнай-газ секторындағы ағып кету­лерді 2030 жылға дейін мүмкіндігінше тезірек анықтау және жою талаптары.
  • Климат және таза ауа коалициясы­ның қолдауының арқасында әртүрлі сектордағы ұлттық метан инвентаризациясын жақсартуды қолдау.
  • Метан деңгейін төмендету технологияларын көрсету және жобалар­ды дамыту мүмкіндіктерін анық­тау үшін 2024 жылдың бірінші жартыжылды­ғын­да салалық дөңгелек үстелді шақыру арқылы жеке сектордың дамуын және метан деңгейін төмендету жобаларына инвестицияларды ынталандыру.
  • Қажет болған жағдайда метан дең­гейін төмендету жөніндегі жобаларды қаржыландыру, оның ішінде АҚШ-тың Экспорттық-импорттық банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, Дүниежүзілік банк және басқа да ұйымдар арқылы қаржы көздерін анықтау және қолдау.

Америка Құрама Штаттары серіктес­термен Қазақстанның мұнай-газ сек­торындағы метан шығарындыларын азайту­дың толық әлеуетіне қол жет­кізуді қолдау үшін инвестицияларды жұмыл­дыру бойынша жұмыс істеу­ге ниетті. Бұл Халықаралық энер­гети­ка­лық агенттіктің бағалауы бойынша 2030 жылға дейін жалпы шығыстар кемінде 1,4 миллиард долларды талап етеді және әртүрлі сектордағы метан шығарындыларын азайтудың қосымша мүмкіндіктеріне инвестицияларды ынталандырады.

Бұл бірлескен мәлімдемеде біз метан шығарындыларына қатысты шұғыл мәселені шешуге бейілді екені­мізді растаймыз. Аталған басым­дықтар бойынша бірлесіп жұмыс істей отырып, біз планетамыз бен болашақ ұрпақтарымыз үшін орнықты келешекті құруға тырысамыз.