Спорт • 04 Желтоқсан, 2023

Жастар жарап тұр

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері бірқатар мемлекетте қыс­қы спорт түрлерінен дүбірлі додалар өтіп жатыр. Сол жарыстарда бақ сынап жатқан еліміз спортшыларының өнері жаман емес.

Жастар жарап тұр

Италияның Ренон қаласында жалауы желбіреген конькиден жастар арасындағы Әлем кубогінің кезеңдік сайысында Маргарита Артемьева 500 метрлік бәсекеде алдына жан салмады. Чемпионның көрсеткіші – 40.04 секунд. Осыған дейін түрлі бәсекелерде бір­неше рет жеңіс тұғырына көтерілген Инесса Шумекова (40.27 секунд) бұл жолы кү­міспен күптелді. Соның алдында ғана ол 1 000 метрлік қашықтықта топ жарған еді. Қола медаль норвегиялық Вилде Баасқа бұйырды. Нидерландтың Леуварденінде шорт-трекшілер бас қосты. Қызғалдақтар елінде Дінмұхамедалдияр Тәжібай үшінші сатыға жайғасты. Алғашқы екі орынды Оң­түстік Кореяның өкілі Хан Бен-Чан мен жарыс қожайыны Бас ван дер Валку иеленді.

Финляндияның Рука қаласында өткен фристайлшылардың жарысында канадалық Марион Тено бас жүлдені олжаласа, аус­тралиялық Даниэль Скотт күміске қол созды. Ал Жанбота Алдабергенова қола медальді мойнында жарқыратты.