Ауыр атлетика • 05 Желтоқсан, 2023

Қатардағы күш жарыс

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Қатардың бас шаһары Дохада ауыр атлетикадан Гран-при турнирі басталды. Бұл жарыста ел намысын 13 спортшы қорғап жатыр.

Қатардағы күш жарыс

Ерлер бәсекесінде басты үміт Денис Уланов (81 кг) пен Ақмолда Сайрамкезде (67 кг). 30 жастағы Денис – Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы және Дүниежүзілік универ­сиаданың жеңімпазы. 20 жастағы Сайрамкез жасөспірімдер мен жастар арасында өткен әлем мен құрлық біріншіліктерінде топ жарып, аталған додаларда бірнеше мәрте жүлдегерлер қата­рына қосылды. Ересектер дуында да қан­дасымыз өзін жақсы қырынан көр­сетіп жүр. Оның ел чемпионы деген атағы бар. Өзге салмақ дәрежелерінде Әлібек Ра­қымберді мен Әли Нұрбай (73 кг), Асыл­жан Бектай (89 кг), Еламан Сейітқазы (89 кг), Кирилл Староверкин (96 кг), Әлішер Сейітқазы (102 кг) және Сұлтан Мейрам сынды сайыпқырандарға сенім артылып отыр.

Ал әйелдер арасындағы сайыста Айнұр Әбдіхалықова (45 кг), Дарья Балабаюк (59 кг), Айша Омарова (76 кг) және Арай Нұрлыбекова (81 кг) күш сынасады. Аталған жарыс 14 желтоқсанда өз мәресіне жетеді.