Қоғам • 05 Желтоқсан, 2023

Елордада волонтерлер марапатталды

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық волонтерлер күніне орай елорданың волонтерлік ұйымдарын марапаттау іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада волонтерлер марапатталды

Волонтерлік қызмет – оңай жұмыс емес. Волонтерлік - әлеуметтік жұмыстың маңызды әдістерінің бірі. Яғни бұл қызмет сыйақы талап етпей, қоғамның игілігі үшін өз еркімен жұмыс істеу. Себебі аталған қызмет әлемді басқа көзбен көруге, жаңа нәрсе үйренуге, әртүрлі адамдармен танысуға және көптеген мүмкіндіктер береді.

5 желтоқсан - Халықаралық еріктілер күніне орай елордада 4-11 желтоқсан аралығында «Ерікті болу оңай» ұранымен қысқы жақсылық апталығы аясында волонтерлер белсенділігі апталығы өтіп жатыр.

п

Осыған орай Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ «Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ бірлесіп  волонтерлік және қайырымдылық ұйымының, қозғалыстар мен қорлардың басшыларын марапаттау рәсімі өтті.

з

Атап айтсақ, іс-шараға хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеумен айналысатын «Астана еріктілері LIDER.KZ» ҚБ, жалғызбасты қарттар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, жалғызбасты аналарға атаулы әлеуметтік көмек көрсететін «Клуб Добряков» ҚҚ, қайырымдылық негізде киім, аяқ киім жинайтын әлеуметтік дүкенді жүргізетін «LikeKomek» ЖШС, автоволонтер ретінде көмек көрсететін «Skoda club Astana» автоклубы, аулауға түскен үй жануарларына көмек көрсететін «New.life.astana» приюті, балалар үйінде тренингтер, мастер-класстар, турнирлер өткізумен және аз қамтылған отбасылардан шыққан және мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытумен айналысатын «MikaSun» бастамашыл еріктілер тобы және т.б ұйымдар қатысты.

е