Қоғам • 05 Желтоқсан, 2023

14 мектепте тыйым салынған интернет-контент оқушыларға қолжетімді болған

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының прокуратурасы жүргізген талдауда кәмелетке толмаған оқушылардың білім беру мекемесінде, яғни, ауданның 14 мектебінде  тыйым салынған интернет-контентке еркін қол жеткізу фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

14 мектепте тыйым салынған интернет-контент оқушыларға қолжетімді болған

gov.kz

Мониторинг жүргізген Теректі ауданының прокуратурасы  оқушылардың  суицид пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын сайттарға еркін кіру мүмкіндігі болғанын әшкереледі. Осылайша, жол берілген бұзушылықтар үшін облыстың білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Соның нәтижесінде  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабының 7-2-бөлігі бойынша 14 мектептің  директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Прокурорлық қадағалау актісімен ауданның барлық білім беру мекемелерінде осындай интернет-сайттарға кіруге шектеулер қойылды.