Күрес • 06 Желтоқсан, 2023

Командалық күрес

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 желтоқсанда ел тарихында тұң­ғыш рет дзюдодан ерлер арасында коман­далық «Jenys Cup» турнирінің тұсауы кесіледі.

Командалық күрес

Бес салмақ дәрежесі (66 кг, 73кг, 81 кг, 90 кг және +90кг) бойынша өтетін дүбірлі додаға Қазақстаннан бөлек, Түркия, Франция, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Грузия және Испаниядан келген барлығы 17 команда қатысады. Татамиге шығатындар арасында Гурам Тушишвили, Лука Майсурадзе, Шалва Гурешидзе (Гру­зия), Сомон Махмадбеков, Ходжазода Бехруз (Тәжікстан), Басху Йондонпэрэнлэйн, Одхюгийн Цэцэнцэнцэнгэл (Моңғолия), Якуб Шамилов (Ресей), Шахрам Ахадов (Өзбекстан), Карамат Гусейнов (Әзербайжан) және тағы басқа белді балуандар бар.

Барлық қарсыласын қапы қалдырып, бас жүлдені олжалаған командаға 30 мың доллар берілсе, екінші орын алғандар 20 мыңды еншілейді.Үшінші сатыға табан тіреген қос клубтың әрқайсысы 10 мыңнан алады. Сонымен қатар жекелеген аталымдар бойынша үздіктер анықталып, оларға да қаржылай сыйлық беріледі. «Jenys Cup» турнирінің жалпы жүлде қоры 100 мың долларды құрап отыр.