Спорт • 05 Желтоқсан, 2023

Бишілер бәсекесі

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада спорттық биден жастар арасында әлем чемпионаты өтті. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған байрақты бәсекеде 30-ға жуық мемлекеттен келген үміткерлер қатысты.

Бишілер бәсекесі

Жұптық сайыста Нейдас Ленкитис пен Тамара Беленькая 10 түрлі биді мінсіз орындап, бас жүлдені жеңіп алды. Эстониялық Адриа Эрнанде мен Эмилия Ульсинейт және Владимир Чебану мен София Чьореску жерлестерімізге барынша қарсылық көрсет­кенімен, бұл жолы оларға күміс пен қола медальды қанағат тұтуға тура келді.

Сөйтіп, Қазақстанның спортшылары өзде­рінің мықтылығын тағы бір мойындатты. Естеріңізде болса, былтыр Латвияда өткен дүниежүзілік додада да отандастарымыз қарсылас шыдатпаған еді. Ол жарыста Максим Жиленков пен Арина Молочникова алдына жан салмады.