Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023

Жыл волонтерлері анықталды

201 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елордада «Жыл волонтері» сый­лы­ғының жеңімпаздары анық­талды. Халықаралық волон­тер­лер күні аясында ұйымдас­ты­рыл­ған іс-шарада еліміздің әлеу­меттік, қоғамдық өміріне белсене арала­сып, мұқтаж жандарға қолұшын созып жүрген 47 волонтер мен волонтерлік ұйым үздік деп танылды.

Жыл волонтерлері анықталды

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Осымен төртінші жыл қатарынан ұйым­дастырылған сыйлық волонтер­лер қозғалысын дамытуға және қол­дауға, әлеу­меттік және қоғамға пай­далы міндет­терді шешуге елеулі үлес қос­қан отан­дық және халық­аралық волон­терлер мен во­лон­тер­лер топтарын, волонтер­лер ұйым­­дарын көтермелеуге және ын­та­ландыруға бағытталған.

чсм

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров волон­терлерді халықаралық мерекемен құттықтай келе, бүгінде елімізде волонтерлік сала өте қарқынды дамып келе жатқанын атап көрсетті. Бұл қызметке атсалысып жүрген азаматтар мен ұйымдар санының тұрақты артуы қалыпты жағдайға айналғанына тоқталды.

– Кейінгі он жылда, – деп  жал­ғас­тырды сөзін вице-министр. – Ерік­тілер қатары 4 есеге өсті. Қазір республикада 600-ден аса во­лон­терлік ұйым, 250 мыңнан астам волонтер бар. Сәйкесінше, волонтерлердің қатысуымен іске асы­рылатын бағдарламалар мен жо­балардың ауқымы кеңейді. «Жыл волонтері» сыйлығына жеңім­паздарды іріктеу екі саты бойын­ша жүргізілді. Бастапқыда тәуел­сіз сарапшылар өтінім бер­ген­­дерді қоғамға маңызы мен әлеу­мет­тік желідегі белсенділігіне қарап, келесі кезеңге өткізді. Ал екін­ші сатыда министрлік жанынан құр­ыл­ған комиссия мүшелері ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдады.

Мерекелік кешке республи­ка­ның түкпір-түкпірінен волотерлікті серік еткен белсенді волонтер­лер арнайы келді. Бұл жолы қоғам белсенділері 15 әлеумет­тік маңызы бар аталым бо­йынша іріктелген. «Денсаулық сақтауды дамыту­ға белсенді қатыс­қаны үшін» Өзбек­стан мемлекеті Таш­кент қала­сынан Жасурбек Камилов, Қазақ­станның Жетісу облы­сынан Қазына Орынбекова мен Бай­ғалық Биахмет марапаттал­ды. Ал «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін» пав­лодарлық Венера Смағұлова мен астаналық Диана Мыр­зағалиева, «Төтенше жағдай­ларды жоюға белсене қатысқаны үшін» Жетісу облысынан Холида Кусанова, Екібастұз қаласынан Самал Дүйсенбаева, Шымкент қаласынан Абай Сыр­лыбаев, Петропавл қаласынан Абдин Дамир, Түркістан облысынан Ақ­мейір Нармұратова жыл үздік­тері атанды. «Саламатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін» Абай облысынан Руслан Бутанаев, Астана қаласынан Дана Тәкенова, Павлодар қаласынан Виктор Карягин, Жетісу облысынан Жансерік Байденов арна­йы сыйлық иеленді. «Із-түссіз жо­ғал­ған адамдарды іздеуге белсен­ді қатысқаны үшін» аталымымен марапатталған үздіктер қата­рын­да қостанайлық Олеся Лого­ши­новачевская, Тал­ды­қорғаннан Екатерина Сере­дина, астаналық «Qanat» волонтер­­лік қозғалысы» бас­тамашыл тобы, Екібастұз қала­сынан Олеся Воликова да бар.

чсмчччч

«Үздік волонтерлік ұйым» аталымы бойынша «Lider.kz», «Астана ақпейілділер клубы» волонтерлер қоғамы, «VITA» Пав­ло­дар қаласының іздеушілері» қоғам­дық бірлестігі, «Шымкент қала­­лық ACCESS түлектері «ASAA»» жастар қоғамдық бір­лес­тігі же­ңім­паз болды. «Үздік әлеумет­тік көмекші» аталымында жыл волонтері Тараз қаласынан Азамат Намелбек, Көкшетау қаласынан Ербол Амантаев, Қостанайдан Анастасия Пушкарева атанды.

– Әлеуметтік бағыттағы во­лон­­терлікпен айналысып жүр­гені­ме 14 жыл­дай болды. Былтыр «Жеңіс» жобасын да қолға алдық. Игі іс аясында жалғызбасты неме­се аз қамтылған ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне кө­мек қолын создық. Пандемия тұсын­да да халықтың осал топтарына жәр­демдестік. Дәрі-дәрмек, азық-тү­лік үлестірдік. Сол белсен­­ділі­гіміз үшін Мемлекет басшы­сы Қасым-Жомарт Тоқаев тағайын­даған «Халық алғысы» арнайы медалімен марапатталдым. Қа­зір топта 55 волонтер бар. Ба­сым көпшілігі студенттер. Қатары­мызда жасы 55-тен асқан азаматтар да бар. Біз бұл қайырымдылық шараларын алдағы уақытта да жалғастыра беретін боламыз, – деді волонтер А.Пушкарева.