Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023

Бата алған еріктілер

191 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінде Алматы қаласында 30-дан аса волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Олардың құрамында 5 мыңнан аса ерікті бар. Қаланың қоғамдық өмірі – осы еріктілер тобының үнемі назарында. Олар күнделікті болып жатқан қала тірлігіне бейжай қарай алмайды. Әсіресе қоғамның әлеуметтік мұқтаж өкілдеріне әрдайым көмекке дайын.

Бата алған еріктілер

Жыл басынан бері волонтерлер 600-ден аса іс-шараның, акцияның өтуіне мұрындық болған. Еріктілер осы мерізмге дейін 60 мың тоннаға жуық гу­манитарлық көмек жинап, 200-ден астам қан донорын тартып, мыңнан астам отбасына қажетті азық-түлік қорын жеткізген. Алматы қаласы волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Бағдат Анарбаеваның ай­туын­ша, еріктілер қиын жағдайда қал­ған адамдарға және аз қамтылғандар отба­сы­ларға қамқорлық жасап, қор­шаған ортаны қорғауда, мұқтаж­да­р­ға көмек көрсетуде үнемі алдыңғы шепте келеді.

Еріктілер ата-анасының қам­қор­­­­лығынан айырылған бала­лар­­­ды­ оқыту, жал­ғы­з­басты зей­­­нет­керлерге арналған пансионаттарда шығармашылық кештер ұйымдастыру ісінде белсенді болса, енді бірі жан-жануарларға немесе қоршаған ортаның тазалығын сақтауға атсалысып жүр.

Еріктілер қала тұрғындарына үнемі қуаныш сыйлауға әзір. Олар қала­ның  барлық ауданында елі­мізде түсірілген фильмдердің те­гін көрсетілімдерін өткізуді дәс­­­түр­ге айналдырған. Бұл тұр­ғын­д­арға қызықты демалыс сыйлап қана қоймай, киноиндустрия жаңа­лық­та­рынан хабардар болып отыруға ықпал етеді. Ал барлық ауданда жұмыс істейтін тілдер саябағында қалалықтар үшін қазақ тілімен қа­тар шет тілдерін де тегін үйренуге қолайлы жағдай қарастырылған. Тілдер саябағына келушілер ерік­ті­лердің әр қадамына үнемі риза­шы­лы­ғын білдіріп отырады. 

Өткен жылы еріктілер елмен бір­ге бар қиыншылықты еңсере отырып, Түркияның зардап шеккен тұр­ғындарына – 51,5 тонна, Сирияға 3 тоннадан астам гуманитарлық көмек және Абай облысының тұрғындарына 5 тонна көмек жинаған. Қандай қиындықта да бірге болып, мұқтаж жандардың жүрегіне үміт пен жұба­ныш, айналаға қуаныш пен мейірім сыйлауды мақсат етеді.

 

АЛМАТЫ