Жастар • 06 Желтоқсан, 2023

Белсенді жастар бастамасы

132 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Өңірде волонтерлер әрдайым белсенді, оларды барлық шаруаның басы-қасынан көруге болады. Облыстың жас­тар саясаты мәсе­ле­лері жөніндегі бас­қар­­ма­сы­ның бөлім басшысы Абылай Фазыл­бек­тің айтуынша, во­лон­терлікті дамыту жө­ніндегі 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес волонтерлік қызметті жүйелі дамыту, бастамалар мен жобаларды қолдау және үйлестіру үшін жастар ресурстық орталығы жанынан об­лыстық «Волонтерлер фронт-офисі» және «Волонтерлер корпусы» тобы құрылған. Топтың бөлімшелері өңірдің барлық қала-ауданында жұмыс істейді.

Белсенді жастар бастамасы

«Фронт-офистің қол­дауы­мен бүгінге дейін волон­терлік топтар мен ұйым­­дар­дың 1800-ге жуық бастамасы жүзеге асырылды және 50-ге жуық волонтерлік ұйым мен бастамашыл топ әкім­шілік, ақ­па­раттық және кон­суль­та­ция­лық қолдау алды», дейді А.Фазылбек.

Қазіргі таңда Маңғыстау облысында волонтерлікпен айналысатын 53 бастамашыл топ, 10 үкіметтік емес ұйым бар. Өңірде барлығы 5 230 волонтер қызмет көрсе­теді, оның ішінде 14-35 жас ара­лығындағы волонтер саны 4 540 адамды құрайды. Сон­дай-ақ облыс бойынша тех­ни­калық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы 21 во­лон­терлік клубта 1363 студент волонтерлік қызмет­пен айналысады.

2023 жылы өңірдің во­лон­­терлік ұйымдары мен бас­­тамашыл топтары және мем­ле­кеттік мекеме өкіл­де­рі­нің қатысуы­мен во­лон­тер­лік қызметті дамыту және оны жүйелен­діру мәселелері талқы­ланып, Маңғыстау об­лы­сы­ның жастар саясаты мәселе­ле­рі басқармасының тапсырысымен ҮЕҰ үшін «Жастар арасында во­лон­тер­лік­ті насихаттау, жас­тар ортасында әлеуметтік-мәдени белсенділікті арттыру, сон­дай-ақ Маңғыстау об­лысында волонтерлік қоз­ға­лысты дамыту» тақыры­бын­да 9 221 млн теңге сомасына мемлекеттік грант жарияланып, «Жалын PRO» қоғамдық қоры жеңім­паз атанды. Грант аясында аймақтағы волонтерлік топтар мен ұйымдарға арналған 300 мың теңге көлемінде 15 шағын грант берілді. Қазіргі таңда жеңімпаздар өз жобаларын жүзеге асырып келеді. Олардың арасында эко­ло­гиялық бағыттағы, жас наубайшыларға, үй жануарларын зарарсыздандыруға арналған, спорттық бағыт­тағы жобалар бар. Аталған грант аясында волонтерлік топтар мен ұйымдардың кемінде 40 жетекшісі кешенді оқытудан өткізу және жыл соңына дейін волонтерлік бағыт­тағы кемінде 30 іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. Жыл басынан бірқатар во­лонтерлік ұйымның ұйым­дас­тыруымен өңірде эколо­гиялық акциялар ұйым­дас­тырылып, әлеуметтік жағы­нан аз қамтылған отба­сы­ларға, жалғызбасты ана­ларға, қарт адамдарға мате­риал­дық, психологиялық көмек­тер көрсетілді. Мы­салы, «Біз адамбыз – біз біргеміз» қоры ай сайын жалғызбасты аналарға тегін массаж курсын үйретіп, жағдайы төмен отбасындағы және мүгедектігі бар балаларға тегін массаж жасап, ай сайын әлеуметтік жағы­нан аз қамтылған отбасы­лар­ға арналған жәрмеңке ұйымдастырып келеді. Ал «Атадан мирас» қоғамдық қоры «Biz birgemiz!» жобасы аясында 320 мұқтаж отба­сыны бір айлық азық-түлікпен қамтамасыз етті. «Клуб добряков» тобы және «Ақтау қайырымды жандары» тобы жалғызбасты, мүм­кіндігі шектеулі және көп­ба­лалы отба­сы санатына жататын аза­маттарға үздіксіз әлеу­мет­тік және қар­­жылай көмек көр­сет­се, құрылғанына 3 жыл тол­ған «Көмек Жаңа­өзен» қайы­рым­дылық тобы бүгінге дейін тұрмысы төмен 39 отбасыны баспанамен қуантты.

«Мұндай мысалды көп­теп келтіруге болады. Жал­пы, аталған игі істерге волон­терлік ұйымдардан 2 мың­ға жуық волонтер белсенді түрде атсалысты. Өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың тапсырма­сына сәйкес 2024 жылы ай­мақтағы волонтерлік бас­та­маларға қолдау көр­сету және Маңғыстау об­лы­сының волонтерлік фронт-офисінің жұмысын ұйым­дас­тыру бо­йынша қар­жы қарастырылып, мем­лекеттік гранттар іске асады», деді А.Фазылбек.

 

Маңғыстау облысы