Үкімет • 07 Желтоқсан, 2023

Кешенді жоспар бекітілді

169 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Үкіметі ірі мұнай-газ және мұнай-газ-химия жобаларын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.

Кешенді жоспар бекітілді

Қабылданған кешенді жос­пар мұнай-газ, мұнай-газ өңдеу, сондай-ақ мұнай-газ-химия салаларында 20 маңызды жобаны іске асыруға бағытталған. Жобаларды іске асыруға 37,3 млрд доллар көле­мінде инвестициялар тарту көзделіп отыр.

Атап айтқанда, құжатта 2027 жылға қарай «Теңіз», «Қара­шығанақ» және «Қашаған» кен орындарында мұнай өн­діру деңгейін 105,5 млн тон­наға дейін және газ өнді­ру дең­гейін 82,1 млрд текше метр де­йін арт­тыруға бағытталған ірі мұнай-газ жобаларын іске асыру жоспарланған.

Сонымен қатар Кешенді жос­пар­­дағы газ өңдеу зауыт­тары­ның құ­рылысы ішкі нарық­тың қа­жет­­тіліктерін қана­ғат­тандыруға айтар­лықтай әсер ететінін атап өткен жөн.

Бұдан басқа ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында үш жобаны іске асыру көзделген. 2029 жыл­ға қарай Шымкент МӨЗ-інде өн­діріс қуаты 6-дан 12 млн тоннаға де­йін артады деп жос­парланып отыр. Нәтижесінде елімізде жы­лы­на 18 млн тонна мұнай өнімдері өндіріледі. Өз кезегінде зауытқа мұнай жеткізуді қамтамасыз ету үшін Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырын жылына 6 млн-нан 15 млн тоннаға дейін және Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырын жылына 10 млн-нан 20 млн тоннаға дейін кеңейту жобалары іске асырылады.

Мұнай-газ-химия саласы­на қа­тысты қуаты 9,1 млрд текше метр газ та­зарт­қыш кешенінің инф­ра­құ­рылымдық жобасымен қуаты 1,25 млн тонна полиэти­лен өндіретін бірінші интеграцияланған газ-химия кешенін салу сияқты жобаларды іске асыру мұнай-газ және химия өнімдерін өндіру көлемін едәуір ұлғайтуға, ірі инвестициялар тартуға және Теңіз кен орны шикізатының барлық әлеуетін пайдалануға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

Сонымен қатар геология­лық барлау жобаларын іске асыру және кен орындарын игеру аясында инвестициялар­дың жалпы көлемі шамамен 10 млрд долларды құрайтын 7 жоба көзделген. Оның ішін­де «Қаламқас-теңіз» және «Хазар» кен орындарын өндіру жұмыстарына да­йын­дау, Өріктау газ конден­саты кен орнын дамыту, сондай-ақ Қаратон-Подсолевой гео­логиялық барлау негізгі жобалар болып табылады.