Сенат • 07 Желтоқсан, 2023

Ақпараттық қауіпсіздікке үстірт қарауға болмайды – Сенат депутаты

180 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде тіркелген 83 телерадиокомпанияның 21-і республикалық деңгейде хабар тарату мүмкіндігіне ие. Оның ішінде тек 15-і ғана мультиплекске тегін еніп, хабар таратып отыр. Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай Премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдап,  ақпараттық қауіпсіздік мәселесі оңтайлы шешілмей тұрғанын, жекеменшік телеарналардың дамуына тежеу жасалып отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақпараттық қауіпсіздікке үстірт қарауға болмайды – Сенат депутаты

senate.parlam.kz

Қазақстанда  көрермендерге ұсынылған шетелдік телеарналар саны 300-ге жуықтаған. Жоспар бойынша 2015 жылы бүкіл ел аумағы «цифрмен» қамтылуы керек еді, бірақ жоба 10 жылға ұзартылды. Сенатор Б.Жексенбай цифрлық технологияны дамытудың нәтижесінде облыс орталықтарында 30-ға дейін, шалғайдағы елді мекендерде 15 арнаға дейін хабар таратуға болатынын айтты.

«Алайда, әзірге мемлекеттік арналардан басқалары үшін мультиплексте хабар тарату арман болып отыр. Өңірлік, әсіресе шекаралық аумақтағы жекеменшік телеарналар одан орын ала алмайды. Себебі бағасы удай қымбат. Яғни, жекеменшік арналардың дамуына өзіміз кедергі жасап отырмыз. Ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне дұрыстап назар аударатын кез келді. Қазір цифрлық эфирлік теледидар Қазақстан халқының 92,66 пайызына қолжетімді екен. Алайда, еліміз цифрлық хабар таратуға көшкенімен өңірлердегі жекеменшік телеарналар бұрынғы бейшара күйінде қалып отыр. Ақпарат тарататын телеарна дамымаса, идеология да болмайды. Идеология дегеніміз тек Астана, Алматыда ғана емес, күллі өңірлерде жүргізілуі тиіс», деді сенатор.  Шекараның шебіндегі елді мекендердің тұрғындары  мемлекеттік телеарнаны емес, көгілдір экраннан  көрші елдің идеологиялық теле өнімін көретінін айтты.  

Бибігүл Жексенбай жеке арналарға мультиплекстің қызметтік ақысын арзандатып және шекара маңындағы елді мекендердегі отандық телеарналардың тізімін кеңейту қажеттігін  ұсынды.

 

Соңғы жаңалықтар

Нағыз ғалым еді...

Тұлға • 13 Шілде, 2024

Аурухана жағдайымен танысты

Саясат • 13 Шілде, 2024

Әскерилерді әлеуметтік қолдау

Саясат • 13 Шілде, 2024

Базалық мөлшерлеме төмендетілді

Экономика • 13 Шілде, 2024

Көршінің наны

Қоғам • 13 Шілде, 2024