Өндіріс • 08 Желтоқсан, 2023

Сүт өндірісі байыпталды

140 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Сүт нарығын зерттеу орталығының дерегіне қарағанда, елімізде жылына 6,3 млн тонна сүт өндіріледі екен. Дегенмен бұл көрсеткіш елдегі сұранысты толық қамтамасыз ете алмай отыр. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде сүтке деген тапшылық жылына 2,2 млн тоннаны құрайды.

Сүт өндірісі байыпталды

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Сүт нарығындағы жағдай тал­қыланған AqAltyn Қазақ­с­тан­ның сүт индустриясы І Ха­­лық­­аралық конференциясында осын­дай дерек­­тер келтірілді. Жиын­да баян­­дама жасаған сүт нары­ғын зерттеу орталығының директоры Михаил Мищенко елімізде сүт өң­деу нарығының ашық емес еке­­нін, көптеп өң­деліп, бейресми са­ты­­лып, еш­қан­­дай бақылауға алын­бай­ты­нын айтты. Сонымен қатар Ор­­­талық Азиядағы елдердің бар­­­­лы­­­ғында халық саны өсе­тіні жора­­малданып отырғанын, яғни елімізде сүт тапшылығы алдағы уақытта да өсе беретінін жеткізді.

М.Мищенконың пайымын­ша,  сүтті өңдеу шикі сүтке сұ­ра­нысты тудырады. Ре­сей­ден арзан шикі сүтті сатып алу мүм­кін болса, оны отан­дық өң­деу­шілер алады. Бүгінгі таңда елімізде өңдеу технологиялары өте әлсіз, нарық бұлыңғыр.

Сондай-ақ ол шикізат сапасына өңдеушілер қызығушылық танытпайтынын, соның салдарынан интеграцияның әлсіздігі байқалатынын көлденең тартты. Оның сөзіне қарағанда, ынты­мақтастық, әсіресе Қазақ­стан­ның оңтүсті­гін­де қажет. Соны­мен қатар салада ұзақмер­зімді даму бағдарламасы жоқ.

варо

М.Мищенконың пікірін қол­даған Қазақстан сүт одағы ди­рек­торының орынбасары Сәуле Жанкина сүт өндірісінде интеграция жасала бастағанына назар аударды. Мысалы, зауыт­тар фермерлерге тауарлық несие беріп, оларды материалдармен және құралдармен қамтамасыз етуге тырысады. Сондай-ақ С.Жанкина өңдеу саласын да­мытуға қатысты ұсынысын ор­та­ға салды. «Хорватияны мы­сал­ға ала отырып, өңдеу сек­то­рында да тәртіпті қалпына кел­тіруге болады деп айта ала­мын. Хорватияда сүтті есепке алу ве­­те­ри­нариялық қызметтер мен зерт­ханалар арқылы жүргізіліп, онда сүттің сапасы мен саны қадағаланады. Бұл тәжірибені біз бірнеше рет, соның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігіне бөлістік. Қазақстанда коопера­тивтер бар, бірақ олар жет­кіліксіз. Сәт­сіздіктің себебі кә­сіп­­­керлік идея­ның, энергия мен қы­зы­ғушылықтың жоқты­ғын­да деп ойлаймын. Бұлар болса, бәрі ойдағыдай болады», деді Сәуле Жанкина.

Түркістан облысында жылына 800 мың тоннаға жуық сүт өндіріледі. Бұл – республикалық көрсеткіштің 13%-ы. Өңірде жалпы қуаттылығы 171 мың тонналық 25 шағын, орта және ірі кәсіпорындар сүт өнімін қайта өңдеуде. Сүт өнді­рісін дамыту, қайта өңдеу кәсіп­орын­дарының жүктемесін арттыру мақсатында, биыл рес­пуб­­ликалық бюджеттен 6 млрд теңге бөлініп, 3 тауарлы-сүт фермасының құрылысы бас­талған. Нәтижесінде, жылына қосымша 10 200 тонна сүт өндіріледі. Халықаралық конференцияда сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы әлемде халық са­нының өсіміне байланысты, са­па­лы азық-түлік тауарларына деген сұраныс жылдан-жылға артып жатқанын атап өтті. Осы тұрғыда, ауыл шаруашылығында шикізат секторымен бірге қайта өңдеу саласын жан-жақты дамыту кезек күттірмес мәселелердің бірі болып отыр. «Түркістан – аг­рар­лық өңір, облыстың жалпы өңірлік өнімінің 30 пайызын агроөнеркәсіптік кешені құрайды. Облыста 100 мыңға жуық ауыл шаруашылығы құрылымы бар. Миллионнан астам халықтың әлеуметтік-эко­номикалық жағдайы ауыл шаруашылығымен тікелей бай­ланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында ет, сүт, ас­тық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруа­­­шылықтарын дамыту сияқ­­ты болашағы зор бағыттарға ба­­сым­дық беруді Үкімет алдына қойып, алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жет­кізу жө­нінде тапсырма берді. Бұл ба­ғытта облыста мал шаруа­шы­лығының дамуы еліміз­де жетекші орында келеді. Қаңтар-қазан айларына тиісті кезеңмен салыстырғанда мал мен құс басы және өнімділік орташа 5%-ға артты. Облыс көлемінде сүт шар­уа­шылығымен айналысатын 400 бастан жоғары – 2 заманауи тауарлы-сүт фермасы, 50 бастан басталатын 32 сүт фермасы және 23 ауыл шаруашылығы өн­дірістік кооперативтері жұ­мыс істейді», деді облыс әкі­мі­нің орынбасары. Мысалы, Төлеби ауданы Көксәйек елді мекенінде орналасқан «Фуд­Мастер-Шымкент» ЖШС-ы тәулігіне 70-80 тонна сүт өң­деуге қабілетті. Заманауи тех­никалармен толыққан кәсіп­орын инновациялық технологияларды қолдана отырып, жаңа сүт өнімдерін шығаруда. Өнім сапасын арттыруды көздеп отырған зауыт сиыр сауатын орын, сүттің мөлшері мен сапасын бақылайтын жоғары технологиялық құрылғымен жабдықталған. Аудан аумағын­дағы тұрғындардан жиналған сүтті міндетті түрде тексеріп, май құрамын, сапасын зерттейді. Ком­панияның барлық өнімі сер­тификатталған. Бүгінде атал­ған кәсіпорынның республика көлемінде бірнеше зауыты бар. Өткен жылы кәсіпорын 5760,0 млн теңгеге 14 400 тонна, ал ағым­дағы жыл басынан бері 4930,0 млн теңгеге 12 500 тонна өнім өндірген.

Конференцияға қатысу­шы­лар бүгінгі күннің мәселе­лерін шешу жолдары, жаңа мүм­кін­діктерді қолданыста іске асырудың әлеуеті бойынша пікір­лерін ортаға салды. Сон­дай-ақ облыс әкімдігінің қол­дауымен «Сүт туры» сүтті мал шаруашылығын дамыту бо­йынша дөңгелек үстел өткізілді. Айта кетелік, Түркістанда өткен халықаралық конференцияға Қазақ­стан, Өзбекстан, Қыр­ғызстан, Германия, Франция, Беларусь, Ресей және Орталық Азия, Кавказ елдерінің сүт на­ры­ғының жетекші сарапшылары қатысты.

 

Түркістан облысы