Үздіктер тізімінде Алматының Орталық стадионы теңдессіз деп танылды. 1958 жылы пайдалануға берілген спорттық нысан қазіргі кезде 23 804 көрерменді сыйдыра алады. Бұл жерде Алматының «Қайраты» өз кездесулерін өткізеді. Сондай-ақ түрлі мәдени және спорттық шаралар да ара-тұра ұйымдастырылып тұрады. Үздік бестіктің қатарына елордадағы «Астана Арена», Қостанайдағы «Орталық» пен «Тобыл Арена» және Шымкенттегі Қажымұқан атындағы стадион енді.
Ал Ақтөбедегі Олимпиадалық ревервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің облыстық спорт мектебінің стадионы ең нашар деп танылды. Сондай-ақ сапасы төмендердің санатында Талдықорғандағы «Жетісу» клубының қосалқы алаңы мен Көкшетаудағы «Оқжетпес» клубының стадионы да бар.