Қоғам • 11 Желтоқсан, 2023

Astana Club халықаралық пікірталас алаңының VII отырысы өтті

176 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан астанасында бұрынғы үкімет және мемлекет басшылары, әлемдік талдау орталықтарының жетекшілері сияқты беделді сарапшылардың басын қосқан халықаралық пікірталас алаңы - Астана клубының жетінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Astana Club халықаралық пікірталас алаңының VII отырысы өтті

Әлемдік экономика және саясат институтының ұйымдастыруымен клубтың VII отырысы ашылды. Бұл жолы отырыс «Бейбітшіліктің жаңа формуласы: трансформация қарсаңында» тақырыбына арналды. Жиында сегіз тақырыптық сессия жоспарланған. Атап айтсақ, «Баяулап қалған» әлемдік экономика: фрагментация қаупі және оны қалай шешу керек? «Үлкен Орталық Азия: Ауғанстан және аймақтың болашағы», «Санкциялар: Шынайылық арқылы тексеру», «Таяу Шығыс: Аймақты не күтеді?», «Ұлы бөлініс: Блокализация дәуірі», «Алыптар текетіресі: АҚШ пен Қытайдың әлемдік тәртіпте басымдыққа ие болу үшін таласы», «Уақыт таяп қалды: Жаһандық климат мәселесі және оны қалай шешу керек?», «ЖИ революциясы: Әлемнің соңы, біз бұл жөнінде не білеміз?» тақырыптары талқыға салынды.

Астана клубының сессияларының бір бөлігі әдеттегідей сарапшы пікірлерінің құпиялылығы сақталатын Chatham House ережесі бойынша өтеді. Бұл қағида ашық әрі сенімді кәсіби диалог құруға әсер етеді.

Биылғы Астана клубына АҚШ, Қытай, Ресей, Испания, Бельгия, Үндістан, Түркия, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және басқа да елдерден 40-тан астам спикер қатысып жатыр.

Астана клубының VII отырысының қатысушылары қатарында:

– Хосе Луис Сапатеро, Испания премьер-министрі (2004-2011), БҰҰ-ның «Өркенииеттер альянсының» бастамашысы.

– Ив Летерм, Тиімді логистика жөніндегі жаһандық коалицияның тең төрағасы (GCEL), ЕЫДҰ бас хатшысының орынбасары (2011-2014), Бельгияның экс премьер-министрі.

– Джеймс Линдси, Халықаралық істер жөніндегі кеңестің аға вице-президенті (CFR).

– Эван Фейгенбаум, Карнеги қорының вице-президенті, АҚШ мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары (2006-2009).

– Эдвард Люттвак, ENL Associates президенті, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының аға кеңесшісі (CSIS).

– Урбан Руснак, Словакия Республикасы СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Энергетикалық хартияның бас хатшысы (2012-2021).

– Чон Рэ Квон, Бейбітшілік саласындағы Нобель премиясының лауреаты, Пан Ги Мун атындағы қордың директоры, БҰҰ жанындағы климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының (КӨҮСТ) мүшесі.

– Питер Франкопан, Оксфорд университетінің әлемдік тарих профессоры,  «Жібек жолы: Әлемнің жаңа тарихы» бестселлерінің авторы (2015).

– Ян Чэн, Шанхай жаһандық басқару және өңірлік зерттеулер академиясының басшысы (SAGGAS).

– Ариэль Коэн, Аға ғылыми қызметкер, Энергетика және қауіпсіздік бағдарламасының директоры, Атлантикалық кеңес.

2015 жылдан бері клуб жұмысына әлемнің 40-тан астам елінен 200-ден астам спикер қатысқанын айта кетейік.

Әртүрлі жылдары Астана клубының спикерлері мен хедлайнерлері қатарында Жозе Мануэл Баррозу, Мұхаммед Әл-Барадеи, Ахмет Дәуітоғлу, Вацлав Клаус, Хамид Карзай, Джордж Фридман, Роберт Каплан, Джейкоб Френкель және басқа да атақты саясаткерлер, сарапшылар мен бизнес көшбасшылары болды.