Спорт • 11 Желтоқсан, 2023

Рекордтар жаңарды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорғанда жүзуден Қазақстан ку­­богі өз мәресіне жетті. Биылғы мау­­сым­ның қорытынды жарысында ел­і­міз­дің мықты спортшылары бақ сынады.

Рекордтар жаңарды

Алғашқы күні-ақ ел рекорды төрт мәрте жаңарып, жанкүйерлер жүзушілеріміздің айшықты өнеріне тамсанды. Атап айтсақ, 50 метрде Софья Сподаренко алдына жан салмады. Ресейден Қазақстанға қоныс аударған танымал спортшының көрсеткіші – 26,63 секунд. Дәл сол қашықтықты ерлер арасында Азия ойындарының төрт дүркін және Дүниежүзі­лік универсиаданың қола жүлдегері, Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы Әділбек Мусин 22, 89 секундта жүзіп өтті. Бірқатар халықаралық додада жеңіс тұғырына көтерілген 18 жастағы жас жұлдыз Ксения Игнатоваға еркін тәсілмен 200 метрге малтуда тең келер ешкім табылмады. Оның көрсеткіші – 1,58,78. Жарыстың соңғы күні Глеб Коваленияның қарқынына ешкім шыдамады. Ол 50 метрлік сайыста бас жүлдені олжалап, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.

Қазақстан кубогінің соңғы күні София Әбубәкірова, Әділбек Мусин (баттерфляй), Ксения Игнатова пен Егор Попов (шалқалай жүзу), Аделаида Пчелинцева пен Арсен Қожахметов (брасс), Ксения Игнатова пен Еламан Бибулаев (еркін тәсіл, спринт), Диана Тасжанова мен Балабек Ғалымжан (еркін тәсіл, стайер), София Әбубәкірова, Егор Попов және Михаил Царев (кешенді әдіс) бірінші орындарды иеленді.