Жекпе-жек • 12 Желтоқсан, 2023

Ақ жол, Азат!

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жектен АҚШ-тың UFC про­моушенінде күш сынасып жүрген Азат Мақсұм келесі кез­­­де­суін 4 ақпанында Лас-Вегаста өткізеді.

Ақ жол, Азат!

Қандасымыздың қарсыласы – Нейт Менес. Америкалық файтердің жасы 32-де. Спорттық мансабын осыдан тура 10 жыл бұрын бастаған ол сол уақыттан бері 20 мәрте айқас алаңына шықты. Алғашқы 12 кездесуде жеңіске жетті. 2019 жылдың мамыр айында франциялық Тэлор Лэпилустан таяқ жеді. Арада тура бір жыл өткеннен соң өзінің отандасы Келен Ван Кампты нокаутпен ұтты. Осы жарқын жеңісінен кейін UFC-мен келісімшартқа отырды. Атақты промоушеннің туы астында 9 мәрте өнер көрсетіп, 7 рет жеңіске жетті. Нейт тек Ресейдің намысын қорғап жүрген дағыстандық Умар Нұрмағамбетов пен Тагир Уланбековке есе жіберді.

Азат Мақсұм UFC-де бір ғана кездесу өткізді. Биыл жазда ол Лас-Вегаста амери­ка­лық Тайсон Нэмнан айласын асырды. Ал аралас-жекпе-жектен өткен жарыстарда ұзын саны 17 рет өнер көрсеткен 28 жастағы қазақ фай­тері сол бәсекелердің барлығын өз пайдасына шешті. 12 айқаста Азат айқын басымдық танытты.