Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2023

Қостанайдағы жарылыс салдарынан 3 адам қаза тапты

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қаласына қарасты Амангелді елді мекеніндегі құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанайдағы жарылыс салдарынан 3 адам қаза тапты

Өртті сөндіру және іздестіру-құтқару жұмыстарына 263 құтқарушы және 61 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ волонтерлер тартылды.

Жарылыс салдарынан  12 адам зардап шегіп, 3 адам қаза тапты.

Зардап шеккендердің төртеуі облыстық ауруханаға, алтауы қалалық ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмекке  1 адам өз бетінше жүгінген, 1 адам медициналық мекемеге жатудан  бас тартты. Жалпы, зардап шеккендердің бәріне қажетті медициналық көмек  көрсетілген.

«Қираған техникалық қызмет көрсету бекеті ғимаратында газ-ауа қоспасы жарылысынан 15 адам зардап шекті. Оның үшеуі көз жұмды. Құтқарушылар қирандының астынан 6 адамды алып шықты. Оның үшеуі тірі. Қазір ауруханада 10 адам емделіп жатыр. Оның біреуінің жағдайы ауыр», деді облыстық ТЖД басшысы, полковник  Қасым Қайрат.

Оқиға салдарынан  7  жеңіл және 5  жүк техникасы, сондай-ақ жақын маңдағы 12 тұрғын  үй зақымданған.  

Полиция ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлімі бойынша (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) сотқа дейінгі тексеру шарасын бастады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше сағат 12.36-да жүк көліктерін жөндейтін техникалық бекетте газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан  280 шаршы метрлік ғимарат толықтай  қираған болатын. Өрт 13:52 уақытында толық  сөндірілді.