Хоккей • 13 Желтоқсан, 2023

Данияны әзер ұттық

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден Будапештте өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінің тұсаукесер кездесуінде айдын иелерін 5:2 есебімен ұтқан жерлестеріміз келесі матчты Данияға қарсы өткізді.

Данияны әзер ұттық

Аталған бәсекеде алғашқы голды да­ния­лықтар соқты. Бұл есеп ұзаққа дейін сақталды. Одан кейін Қазақстанның ойыншылары үздіксіз шабуылдағанымен, жарты сағаттан аса уақыт бойы қарсыластар қақпасының кілтін таба алмады. Десек те өздерінің табандылығы мен жанкештілігінің арқасында біздің жігіттер көздеген мақ­сатына қол жеткізді. Үшінші кезең басталған бетте Бейбарыс Оразов таразы басын теңестірсе, көзді ашып-жұмғанша Дания құрамасы қайта алға шықты. Бірақ олардың бұл қуанышы ұзаққа созылмады. 49 және 57-минуттарда Кирилл Ляпунов пен Руслан Оспанов екі рет нысананы дәл көздеді – 3:2.

Ертең Санкт-Петербургте «Бірінші арна кубогі» басталады. Алғашқы кездесуде Қазақстанның ұлттық құрамасы Беларусьпен күш сынасады. 16 желтоқсанда Жоғары хоккей лигасының (ЖХЛ) «жұлдыздарымен» шеберлік байқасады. Соңғы ойында Ресей хоккейшілерімен кездеседі.