Спорт • 13 Желтоқсан, 2023

Иранға әліміз жетті

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гандболдан Скандинавия түбегінде өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы өзінің алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Иранға әліміз жетті

Біз бұған дейін отандастарымыздың Испания (17:34), Бразилия (16:46) және Украи­надан (24:37) ойсырай ұтылып, мықты­лармен күш сынасу мүмкіндігінен айырыл­ғаны жайында жазғанбыз. Жарыстың екінші кезеңіндегі екі кездесуде де жеңілістің кермек дәмін татты. Әуелі Конгоға (36:37) есе жіберсе, іле-шала Чилиге (23:27) жол берді. Әйтеуір үшінші ойында асығы алшысынан түсіп, Иранды (33:29) жеңді. Бүгін Қазақстанның қол добы шеберлері 29-орын үшін таласады.

Естеріңізге сала кетейік, 29 қарашада басталған байрақты бәсекеде 32 команда бақ сынап жатыр. Бұл бәсекелер Дания, Норвегия және Швецияда өтіп жатыр. Ал жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 17 желтоқсанда анықталады.