Футбол • 13 Желтоқсан, 2023

Ертең Нидерландпен кездеседі

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Қазақстанның футзалшылары 2014 жылы өтетін әлем чемпио­на­тының іріктеу турнирінде қызу дайын­далып жатыр. Алда жерлестерімізді ең маңызды матч күтіп тұр.

Ертең Нидерландпен кездеседі

Ертең Қазақстан құрамасы Астанада Нидерландты қабылдайды. Тура бір аптадан кейін Бухарестке сапар шегіп, Румыниямен шеберлік байқасады. Бұл бәсекелерде ұлттық командамыздың бас бапкері Рикардо Кака мына шәкірттеріне сенім артты: Қақпашылар – Игита, Нарун Серіков, Қанат Жеткірбаев. Алаңдағы ойыншылар – Дуглас, Біржан Оразов, Лео, Азат Валиуллин, Тайнан, Эдсон, Лео, Альберт Ақбалықов, Шыңғыс Есенаманов, Дамир Қайырбай, Арнольд Кнауб, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Дәурен Тұрсағұлов, Нұрболат Батырханов, Ақжол Дәрібай және Асхат Көлбаев.

Жарыстың финалдық бөлігіне бірден жолдама алу үшін футзалшыларымыз міндетті түрде өз тобында жеке-дара көш бастауға тиіс. Екінші орынды еншілеген жағдайда електік кездесулерге қатысуға тура келеді.