Егемен Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2023

50 «Егемен» жазылымын сыйлады

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келер жылдың газет, журналдарына жазылу науқанынан ел сенімін арқалаған депутаттардың да тысқары қалмағаны қандай ғанибет? Соның ішінде еліміздің басты газеті «Егеменге» жанашырлық жүрекпен, қамқор көңілмен өздері ғана жазылып қоймай, ардақты ағалардың, ақжаулықты аналардың жазылуы­на қолұшын созған азаматтардың ісіне сүйсінбеуге бола ма?

50 «Егемен» жазылымын сыйлады

Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерболат Сатыбалдин мен Аманжол Әлтай Ұлытау облы­сының 50 еңбек ардагерін 2024 жыл­ға «Egemen Qazaqstan»-ға өз қаражаттарына жаздырып берді.

– Бұл қос жігітке алғысымыз шексіз. Біздің бірауыз сөзімізді жерге тастамады, өтінішімізді құп алды. Нәтижесінде, 50 арда­геріміз «Егеменге» тегін жазылды. Депутат ретінде халықтың кө­кейіндегі мәселелерді көтеріп жүретін олар енді, міне, осындай да азаматтық танытып отыр. Біз мұны ардагерлерге ғана емес, қазақтілді баспасөзге деген қамқорлық деп бағалаймыз. Олардың дендеріне саулық, шаңырақтарына шаттық, қызме­тіне абырой тілейміз, дейді Ұлытау облысы Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сағындық аға Қожамсейітов.

Мәжіліс төрінде жүрген қос депутаттың ақжолтай жомарт­тығы басқа азаматтарға да жұғыс­ты болғай!

 

Ұлытау облысы