Хоккей • 14 Желтоқсан, 2023

Бас бапкер қызметінен кетті

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғалым Мәмбетәлиев Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Астананың «Барыс» клубының бас бапкері қызметінен босатылды.

Бас бапкер қызметінен кетті

Биылғы маусымның басында Андрей Скабелка жасақтаған команда жеңілістен бір бас көтермеді. Содан кейін оны Ғалым Мәмбетәлиев алмастырды. Бірақ ол да жағдайды түзей алмады. Қандасымыздың жетекшілігімен 25 мәрте мұз айдынына шыққан «Барыс» 16 рет ұтылып, небәры тоғыз кездесуде жеңіске жетті. Бұл күндері елордалық клуб көш соңында келеді. Бұл жағдай команда басшыларын қанағаттандырмағандықтан күні кеше олар Мәмбетәлиевті орнынан босатты. Қазір бұл міндетті 58 жастағы қарағандылық маман Олег Болякин уақытша атқарып жатыр. «Барысты» ол қай уақытқа дейін жаттықтыратыны таяу күндері белгілі болады.

Сондай-ақ ел арасында «астаналық команданың бас бапкері болып 47 жастағы канадалық маман Дэвид Немировскидің тағайындалуы мүмкін» деген де әңгіме бар.