Спорт • 14 Желтоқсан, 2023

Ел біріншілігі басталды

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталды. Бұл жарыста 75 спортшы бақ сынап жатыр.

Ел біріншілігі басталды

Жарыс жолына шыққандар арасында жастардың әлем біріншілігінің күміс жүл­дегері, ересектер арасында Қытай, Хорватия және Болгарияда өткен халықаралық турнирлерде жеңіс тұғырына көтерілген Михаил Шайдоров, біраз уақыттан бері айшықты өнерімен қалың көрерменді қуантып жүр­ген Рахат Бралин, Диас Жиренбаев, Анна Левковец, София Фарафонова және тағы басқа танымал спортшылар бар. Бұл бәсекенің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ертең анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Астанада жалауы желбіреген ел біріншілігінің жекелеген сайысында Михаил Шайдоров пен Анна Левковец топ жарды. Жастардың жарысы Артур Смағұлов пен София Коваленконың жеңісімен аяқталды.