Президент • 14 Желтоқсан, 2023

Президент Қазақстан-Нидерланд матчын тамашалайды

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Нидерланд командасына қарсы ойнайтын Қазақстан ұлттық құрамасына қолдау көрсету үшін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қазақстан-Нидерланд матчын тамашалайды

Матч Астана уақытымен 20:20-да басталды. Тартысты ойынды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Мемлекет басшысымен бірге Ұлттық құрамаға кәсіпқой бокстан WBO, IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы, ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев және қақпашы Игорь Шацкий да қолдау білдіріп отыр.

ы