Спорт • 15 Желтоқсан, 2023

Көш соңында қалып қойдық

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның қол добы шеберлері Скандинавия түбегіндегі үш елде – Дания, Норвегия және Швецияда қатар өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чем­пионатын 29-орынмен қоры­тындылады.

Көш соңында қалып қойдық

Жерлестеріміз алғашқы екі кезеңдегі алты кездесудің бесеуінде жеңіліс тапты. Тарқатып айтсақ, Испания (17:34), Бразилия (16:46), Украина (24:37), Конго (36:37) және Чилиден (23:27) ұтылып, тек Ираннан (33:29) басым түсті. Соңғы матчты Па­рагвайға қарсы өткіздік. Біздің қыздар қан­ша жанталасқанымен қарсыластарымыз дес бер­меді – 30:36. Сөйтіп, Қазақстанның ганд­бол­шылары аталған жарыста бақ сынаған 32 коман­даның арасынан 30-орынды қанағат тұтты.

Ал мықтылар жөнінде айтар болсақ, ши­рек финалдық сайыстар мынадай нәти­желермен аяқталды: Франция – Чехия – 33:22, Нидерланд – Норвегия – 23:30, Швеция – Германия – 27:20 және Дания – Черногория – 26:24. Бүгін жартылай финалда Франция – Швеция және Норвегия – Дания шеберлік байқасады.