Қоғам • 14 Желтоқсан, 2023

14 туынды таныстырылды

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында «Жаңа қазақ әдебиеті» жобасы аясында жарық көрген 14 кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

14 туынды таныстырылды

Оны Мәдениет және ақпа­рат министрлігі мен Мемлекет­тік кітап палатасы ұйым­­дас­тырды. Айтулы жиын­ға Мә­дениет және ақпарат вице-ми­нистрі Арман Жүдебаев, Қа­зақстан Жазушы­лар одағы басқарма төрағасы­ның орынбасары Нұржан Қуан­тай және қоғам қайраткерлері, бел­гілі қаламгерлер, мемлекет­тік бағ­дарламамен жарыққа шық­қан кітап авторлары мен кі­тап­ты шығарушы баспагерлер, кі­тапха­на қызметкерлері қатысты.

«Мемлекет басшысы Түркіс­танда өткен Ұлттық құрылтай­да кітап индустриясын дамыту­ға баса назар аударғаны белгі­лі. «Жаңа қазақ әдебиеті» серия­сымен шыққан кітаптардың тұ­сау­кесері Мемлекет басшы­сы­ның тапсырмасын іске асы­рудағы үлкен қадамдардың бірі. Бұл сериямен бұрын жа­рық көрмеген, әдебиетке тың сер­пін берген және қазақ әде­биетінің жаңа келбетін қалып­тас­тыруда айрықша орын ала­тын әдебиеттер басылып шы­ға­тыны баршаңыз­ға мәлім. Жаңа қазақ әдебиеті өкілдерін қолдау министрліктің әрдайым назарында», деді Арман Жүдебаев.

«Жаңа қазақ әдебиеті» жобасы «Әдебиеттің әлеуметтік ма­ңызды түрлерін сатып алу, ба­сып шығару және тарату» рес­публикалық бюджеттік бағдар­ламасы аясында өткен жылдан бері қолға алынған бірегей бастама. 2022 жылы осы бағдарлама­мен 10 автордың кітабы жарық көріп, әрқайсысы 3 мың данамен еліміздің түкпір-түкпіріне жет­кізілді. Биыл жарыққа шық­қан 14 кітаптың барлығы да елі­міздегі кітапханалардың қорын толықтырады. Жиын барысын­да іс-шараға қатысушылар қазір­гі қазақ әде­биетінің өзекті мәсе­лелерін тал­қылады.